Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Мемлекеттiк саясаттың маңызды бағыттарының бiрi


Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі ең өзекті әрі күрделі мәселесінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстан  жемқорлыққа қарсы   дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын, Президенттің Жарлығын  және басқа мемлекеттік бағдарламаларын қосуға болады.  Бұл заңнамалық актілердің мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, сонымен қатар халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру қажеттігінің маңызы аса зор.

Сондықтан әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті.Қазақстан өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта еліміз парасат биігінен көрінуге тиіс.

Алматы қаласы Ауыл шаруашылық басқармасы Жетісу ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімісыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлуде. Ағымдағы 2015 жылы осы тақырып бойынша 3 жиналыс өткізілді. Апта сайын өтетін жоспарлы жиналыстарда біздің қатарымызда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері көтеріледі. Бұл маңызды тақырып бұқаралық ақпарат құрадарында да кеңінен жарық көруде.

Алматы қаласы Ауыл шаруашылық басқармасы
Жетісу ауданының мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің
басшысы
Н.Ш. Ташимов