Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес


Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси экономикалық дамуға қарамастан әлемнің барлық елдерінде іс жүзінде өмір сүруді жалғастыруда. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіріп қана қоймай, елдің моральдық-адамгершілік келбетіне кері әсерін тигізеді. Бұдан басқа, экономиканы зақымдай отырып, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың кедергі келтіреді.   Осыған байланысты, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәйекті саясат жүргізілуде. Мысалы, Қазақстан Орталық азия елдерінің арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады. Бұдан басқа, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылды, Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік этиканы сақтау мәселелері бойынша Президент жанындағы Мемлекттік комиссия құрылды, әкімшілік жүйені реформалау бойынша шаралар үнемі жетілдірілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың отандық жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері әлі де қалып отыр. Бұдан басқа, Әкімшілік реформа шеңберінде Қазақстанда белгілі бір функцияларды кезең-кезеңмен региондарға және жеке секторға бере отырып, орталық мемлекеттік органдардың функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылады, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалуда, «бір терезе» қағидасы енгізілді. Бұдан басқа, Қазақстан бірнеше жылдан бері тұрақты негізде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді және пәрменді әдісі болып табылатын электрондық үкімет жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда, «бір терезе» қағидасын жүзеге асуру мақсатында Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғылықты xалыққа «бір терезе» қағидасымен мемлекеттік қызмет көрсетуге өз үлесін қосуда.

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Әбілов Ернар Асқарбекұлы