Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Экономика ЭКОНОМИКА



Фискалдық деректер


Фискалдық деректер

Фискалдық деректер қолма-қол ақша қаражатының айналымы жөніндегі мәліметтердің негізгі көзі болып табылады. Фискалдық деректерді «онлайн» режимінде сатушыдан тікелей мемлекеттік кірістер органдарына беру, фискалдық деректер жасыру мен көлеңкелі экономикамен күресу жолындағы қарсы әрекеттер болып табылады. Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді, яғни қағаз технологиясынан электрондық технологияларға көшуді қамтамасыз ететін бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) жаңа түрі енгізіледі, бұл бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, көптеген керексіз есептерден арылтады және салықтардың ашықтығын, бюджетке жиналуын жоғарылатады.

БКМ артықшылықтары Фискалдық деректер операторының (ФДО) серверіне фискалдық ақпаратты беруфункциясы бар БКМ артықшылығы.

Қазақстан Республикасы аумағында ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ жаңа түріі қолданысқа енгізілді.

Фискалдық деректердің көзі - кассирдің жұмыс орнында сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысу үдерісі. Осы үдерісте БКМ көмегімен тауарды сатып алуды тіркеужәне ол үшін ақы төлеу жүргізіледі.

Сатылым туралы деректер БКМ фискалдық жадынаенгізіледі, ал сатып алушыға фискалдық бақылау кассалық чегі беріледі. ФДО нұсқасындағы БКМ кез-келген модель SIM-карта орнатылады, ≪Қазактелеком≫ АҚ байланыс операторы болып табылады, осы күллі ақпарат серверге деректер өздігінен беріледі,бұл салық төлеушілер үшін өте ыңғайлы.

Салық төлеушілер үшін ФДО нұсқасындағы БКМ пайдаланудың артықшылығы неде?

Алғашқы кезекте бұл: Кәсіпкер өз бизнесін үйінен шықпай-ақ не демалыста жүріп-ақбақылай алады.

ТҚКО-да БКМ сатып алу кезінде мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуден кейін ≪Қазақтелеком≫ сайтында ФДО тіркеу жүргізіледі, тіркеу кезінде логин және пароль жасалады,бұл одан әрі жеке кабинетке кірудің негізгі кілтіне айналады. Жеке кабинетті пайдаланып, сіз ең бірінші чектен және бірінші Z-есептен бастап өзіңіздің БКМ-ңызбен жұмыс істеу

жөніндегі толық ақпаратқа ие бола аласыз. Егер БКМ кәдімгі нұсқасымен салыстырсақ, онда чекті басып шығаратын не Z-есепті алып тастайтын сәтте чек таспасы бітіп қалады, кассирлердің жұмысының барысында мұндай жағдай жиі кездеседі, қолда ешқандай ақпарат қалмайды. Егер мұндай жағдай ФДО нұсқасындағы БКМ-да орын алса, онда ақпаратты көруге не жеке кабинетте басып шығаруға болады. Бұл басқа қалаларда және өңірлерде бірнеше сауда нүктелері не филиалдары бар кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.Егер ФДО нұсқасындағы БКМ үшін қайтару жүргізілсе, онда қайтаруға акт жасау үшін мемлекеттік кірістер органдарына келудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат серверге өздігінен беріледі.

Сондай-ақ қайтару сомасы ≪үлкен жиынтық≫ жалпы жинақтаудан өздігінен шегеріледі, бұл салық есебін бергенде өте ыңғайлы, қайтару сомасын ақшалай есеп айырысуларды есепке алу кітабына жазу жеткілікті болады.

БКМ кәдімгі нұсқасымен салыстырғанда ФДО нұсқасындағы БКМ мөртаңба салынбайды, бұл өте ыңғайлы, сынғанда мемлекеттік кірістер органдарында БКМ мөртаңбасын алдыртуға рұқсат алудың қажеті жоқ, бірден ТҚКО-на жүгінуге болады, бұл уақытыңызды үнемдейді. Сондай-ақ ФДО нұсқасындағы БКМ жұмысында, ақыны қолма-қол ақшамен және қолма-қол есеп айырысуларсыз қабылдау (картамен төлеу) сияқты артықшылықтары көп:

1. Чек таспасын жүктеу оңай (ашасың – саласың – жабасың).

2. БКМ экранындағы заряд деңгейінің индикаторы.

3. (8.2 нұсқасындағы) 1С: Бухгалтерия бағдарламаларына қосуға мүмкіндік.

4. Орыс және қазақ тілдерінде менюі мен ақпараты бар дисплей.

5. Штрих-код сканерін қосуға мүмкіндік (бұл фискалдық тіркеуші деңгейінде БКМ-менжұмыс істеуге мүмкіндік береді).

6. Орнықсыз байланыс жағдайында деректерді беру сенімділігі (автономдық режимдежұмыс істеу мүмкіндігі бар).

7. Чектегі тауардың атауын шығару.

8. Жеңілдікпен жұмыс істеу (егер жеңілдік акциялары пайдаланылатын болса, ондачектегі жеңілдікті ескеріп, фискалдық чекті беру мүмкіндігі бар).

9. Өз бизнесіңізді үйіңізден шықпай-ақ не әлемнің кез-келген нүктесінде жүріп-ақ,Интернетке шығып бақылау.

10. Қағаз тасығыштарында чектерді сақтау қажеттілігіеің жоқ болуы.

11. Форс мажор жағдайында (өрт, ұрлық, жоғалту ж.т.б кезінде) БКМ фискалдық деректеріне қол жеткізу мүмкіндігі.

12. Қолда Интернетке шыға алатын кез келген смартфон, планшет, ноутбук бар болса,онда чектің шынайылығын тексеруге болады.

13. Көшпелі түрде көрсетілетін қызметтің түрлері үшін күллі Қазақстанда байланысоператорының БКМ жабу аймағын пайдалану мүмкіндігі бар.

14. Қайтаруды жүргізу кезінде қайтаруға акт жасау үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.

15. ФДО нұсқасындағы БКМ қызметтің кез-келген түріне қолдануға болады.ежных средств. В целях

Функциясы бар бақылау –кассаға 2015 жылдың 1 шілде айынан бастап қадам бойынша басталды.

2018 жылдың 1 қазанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы 
№ 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Осы Бұйрық салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолданатын  қосымша 17 қызмет түрін қарастырады.

Салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан оларды жүзеге асырған кезде онлайн бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері:

1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

5. Сусындарды көтерме саудада сату

6.  Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

7.  Тоқыма бұйымдарын сату

8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

9. Киімдерді сату

10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

12. Ломбард қызметі

13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

15. Жарнама агенттіктерінің қызметі

16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі.