Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Экономика ЭКОНОМИКА



«Құқықтық саясат тұжырымдамасы- Қазақстанның құқықтық даму болашағы және нәтижесі»


«Құқықтық саясат тұжырымдамасы- Қазақстанның құқықтық даму болашағы және нәтижесі»

Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етеді. Осы норма Конституция -Қазақстан Республикасының негiзгi заңының 40-шы бабында бекiтілген.

Айта келгенде, Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды  (бұдан әрi - тұжырымдама). Бұл Қазақстан тарихындағы екiншi тұжырымдамасы екендігін атап өтге лайықты. 2002 жылы қабылданған бірінші елдiң тұжырымдама 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық жүйесi дамуының негiзгi бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттiк және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететiн, Қазақстанның орнықты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн бiр қатар аса маңызды заңнамалық актiлер қабылданды. Тұжырымдаманы iске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негiзгi салаларының (конституциялық, әкiмшiлiк, азаматтық, банктiк, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-iс жүргiзу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.

Мемлекетпен норма түзушiлiк процесiн жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкiндiк беретiн іс-шаралар қабылдады олардың қатарында:

-         заң жобалары қызметiн перспективтi жоспарлау;

- нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына ғылыми (құқықтық, сыбайлас, жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар енгiзу,

-         қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету.

Осы нәтижелер динамикалық және ҚР-дағы ұлттық құқықтың жылдам үдейтiн дамытуы туралы бақылауға боладуға талдай, атап айтқанда: норма түзушiлiк қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлiгiнде одан әрi топтастыру; оны ескiрген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегi олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы iшкi қайшылықтарды жою; заңдардағы сiлтеме нормаларды азайту және Конституцияға сәйкес заңнамалық актiлер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберiнде тiкелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
      Бұдан басқа, құқық шығармашылығы қызметiн құқық салаларының және құқықтық жүйенiң даму үрдiстерiне ұдайы мониторингке, нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану практикасын талдауға негiзделетiн болжамды-талдаулы қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлу керек.

      Бұл реттеу мазмұны мен әдiстерi бойынша норма түзушiлiк және құқық қолдану қызметiнiң әрбiр актiнiң - оны әзiрлеу, қабылдау, қолдану, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылды деп тану не жаңа акт әзiрлеу жөнiндегi барлық кезеңiн айқын көрсететiн қазiргi заманғы жүйе жасауға мүмкiндiк бередi.
      Осындай рәсiмдер мен тетiктер арқылы мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк қызметi оңтайланып, жүйеге түседi.

           Құқықтық реттеу тетiктерiн жетiлдiру перспективалары көп жағдайда құқық шығармашылығы және құқық қолдану процесiне ақпараттық технологияларды кеңiнен енгiзумен байланысты.

                Осыған байланысты, "электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру, нормативтiк құқықтық актiлер дерекқорын жасау және тиiмдi енгiзу мақсатында Нормативтiк құқықтық актiлердiң электрондық форматтағы эталондық банкiнiң жұмыс iстеуi ұтымды болып табылады. Сонымен бiрге заңнамаға нормативтiк құқықтық актiнiң электрондық түрiн көздейтiн ережелердi енгiзу қажет, бұл ұлттық құқықты ақпараттандыруда маңызды қадам болады.

        Заңдардың елде жүргiзiлiп жатқан өзгерiстерге барабар мазмұны мен сапасы мемлекеттiк билiк институттарының тиiмдi қызмет етуi, билiктiң заңнамалық және атқарушы салаларының сындарлы және серпiндi өзара iс-қимылын қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.        

Қорытындысында белгелеу деп пайымдаймыз, қоғам дамуының қазiргi заманғы үрдiстерiне, жинақталған тәжiрибеге және Қазақстандық мемлекет пен қоғамның таяу және алыс перспективалары туралы ғылыми негiзделген, iргелi ұсынымдарға сүйенген бiрыңғай құқықтық саясат қажет.

Алматы қ. Жетісу ауданы

Әділет басқармасының басшысы

Ж.Қабылжапаров