Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

08.12.2015
Алматылықтар айтқан ұсыныстар «Алматы 2020» Бағдарламасының соңғы нұсқасында толығынан ескерілді

Алматы әкімдігінде «Алматы 2020» даму Бағдарламасын талқылау жөнінде жұмысшы тобынының қорытынды жиыны өтті.

Бағдарлама жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, қала тұрғындарының толықтырулары, ұсыныстары мен тілектері ескерілді.

Мысалы, бір ай көлемі ішінде Бағдарлама жобасын талқылауға байланысты азаматтық қоғам, кәсіподақтар мен салалық ұйымдар өкілдерімен, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары, білім мен денсаулық сақтау салалары, БАҚ басшыларымен, блогерлермен, «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен, мәдениет, спорттық қоғамдастықтар қайраткерлерімен, сарапшылармен, ірі өндіріс орындарының басшыларымен, кіші және орта бизнес өкілдерімен, ЖОО-ның ректорларымен, жастармен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, зейнеткерлермен,ПИК-мен және басқалармен кездесулер ұйымдастырылды.

Мысалы, бүгінгі күнге дейін 90-нан астам тақырыптық кездесулер ұйымдастырылып, оларға 12,5 мыңнан астам адам қатысқан. Жалпы, жобаны талқылауға қала тұрғындарының арасынан 417 мың адам қамтылған. Талқылау қорытындысы бойынша 900-ден астам ұсыныс- пікірлер айтылған. Бағдарлама жобасын талқылауға қатысты түскен ұсыныстар мен толықтыруларды жинақтау үшін арнайы almaty2020@a-a.kz, электронды поштасы құрылып, оған 478-тен ұсыныс түскен.

Бұдан өзге қала әкімдігі жанынан құрамына қоғамдық пікірдің жетекшілері, ҮЕҰ басшылары, мәслихат депутаттары, бизнес қоғамдастығының, «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік органдардың өкілдері енген Қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Жиын барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Сараптама көрсеткендей, жанашыр азаматтар қаладағы экологиялық ахуалды, қоғамдық көліктің жұмысын, көшені жарықтандыру жүйесін жақсарту, заңсыз көлік тұрақтарын, арықтар желілерін ретке келтіру, бұрын облыс құрамында болған аудандар мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, жемқорлық пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету, белсенді азаматтық позициясы бар тұрғындарды қатыстыра отырып, әкімдік жанынан қоғамдық комиссиялар құру жөнінде нақтылы ұсыныстарын білдірген. Бұл ұсыныс-пікірлердің барлығы жаңа Бағдарламаның тиісті тармақтарына енгізілді және олар жүзеге асырылатын болады. Концептуалды емес, нақтылы сипатқа ие ұсыныстардың барлығы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды жасау барысында толық ескеріледі»,-деп атап өтті.

Қорытынды жиында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Жанна Төлегенова, «McKinsey&Company» компаниясының өкілі Сергей Киселев, Әл- Фараби атындағы КазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, «AlmatyManagementUniversity» студенттер кеңесінің төрайымы Диана Күлекеева, мүгедектердің «Намыс» ҚҰ-ның төрағасы Қайрат Иманалиев және басқалары сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Атап өтерлік жайт, жақын арада «Алматының даму Бағдарламасы 2020» жобасы қала мәслихатының кезекті мәжілісінде бекітілетін болады.

08.12.2015