Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

18.12.2015
Алматыда Энергетика күні қарсаңында жаңа жылу қуаттары іске қосылды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек оңтүстік астанадағы «Жаңа Орбита» ірі қуатты қазандықты іске қосып, Универсиада-2017 нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Әрқайсысының қуаттылығы 100 Гкал/сағат болатын үш заманауи ірі су қазандықтарының пайдалануға берілуі «Орбита» қазандығының қуатын 3 есе өсірді.

Бүгінгі күнге дейін Алматының жалпы жылуэнергия өндірісі 3800 Гкал/ сағатты құрайтын. Ал қазір қаланың жалпы жылу энергиясының суммарлық қуаты 9%-ға артып, 4102 Гкал/сағатқа жетті. Оңтүстік астанада осылайша жылу қуаты 60% көбейіп, 488 ден 788 Гкал/сағатқа өсті. Яғни, қаланың оңтүстік бөлігінің жылуды тұтыну қуаты 66,64 Гкал/сағат, демек орталық жылу жүйесіне жаңадан салынатын 13 тұрғын кешенін қосуға толық мүмкіндік бар.

«Жаңа Орбита» қазандығында болған қала әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттің жылуэнергия кешенін біртіндеп модернизациялап жатқандығын атап өтті.

«Жаңа қуаттарды және қосымша 300 Гкал/сағат болатын жылу көздерін іске қосу қаланы жылумен қамтамасыз етуді одан әрі жақсартып, кіші және орта бизнестің дамуына, Алматының оңтүстік бөлігінде жаңа құрылыс ынсандарын салуға ықпал етеді», - деді қала басшысы.

Атап өтерлік жайт, биыл Алматының энергия көздерін қайта жасау мен жаңартуға шамаман 50 млрд. теңге бөлінді.

Алматы әкімі бүгін салынып жатқан Универсиада нысандарын да аралады. Ол Алатау ауданындағы 12 мың көреременге арналған Мұз аренасында және 5 мың орындық Атлеттер ауылында, Медеу ауданындағы 3 мың орынды Мұз аренасында да болды.

Алатау ауданындағы Мұз аренасын аралаған қала басшысына инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы айтылды.

Құрылысшылар жеке әрлеу мен абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Қазірдің өзінде денешынықтыру- сауықтыру кешені, әкімшілік орындар, үлкендерге арналған 25 метрлік және балаларға арналған 10 метрлік бассейндер дайын. Сонымен қатар, жайма каток, техникалық бөлмелер, бокспен, күреспен гимнастикамен айналысатын бөлемелер де белгіленген уақытында іске қосылатын болады.

18.12.2015