Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

28.08.2015
28 тамыз. ҚР Конституциясының 20 жылдығы құрметіне 600 алматылық мерекелік медальдармен марапатталды

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, дипломатиялық корпустың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қала басшысы Негізгі Заңның маңызына тоқталып өтті және Ата Заңымыздың тәуелсіздігімізді нығайтудың, тиімді мемлекеттік-құқықтық жүйені қалыптастырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, Қазақстанның одан әрі өркендеуінің, бүкілхалықтық ерік пен жігердің алтын діңгегі екендігін ерекше атады.

«Тек Конституция ғана қазақстандық дамуымыздың басты кепілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы да жиі айтып келеді. Бүгінгі жаңа кедергілер мен жаһандық қауіп-қатер барысында халқымыздың баға жетпес байлығы - Тәуелсіздігімізді, еліміздің тұрақты дамуын одан әрі нығайту ең маңызды міндет. Қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағы, Елбасының айналасында топтасуы түрлі қиындықтарға төтеп беруге және жеткен жетістіктерімізді одан әрі баянды етіп қана қоймай, бұдан да биік табыстардан көрінуге жетелейді», - деді Бауыржан Байбек.

Әкім бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді де айқындап берді. Олар - инвестицияны тарта отырып, қаланың, кіші және орта бизнестің одан әрі дамуын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, қала тұрғындары үшін жайлы ахуал жасау.

«Әр ауданның нақтылы даму кілтін тауып, іске қосылмаған ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған жөн. Бұл ретте Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізудің маңызы зор. Мәні жағынан Олимипиададан кейін екінші орында тұратын бұл спорттық ойындар біздің мегаполистегі бірқатар салалардың одан әрі дамуына қосымша серпін береді», - деп атап өтті қала басшысы.

Бүгінгі күні осынау ауқымды құрылыс алаңында 12 мыңнан астам жұмыс орны қамтамасыз етіліп, 1,5 мыңға жуық кіші және орта бизнес субъектілері Универсиаданың құрылыс нысандарын салуға қамтылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша бюджетке 9 млрд. теңгеден астам салық түседі деп күтілуде. Мұнда замануи спорт кешендерімен қатар 10 мың студент тұратын қалашық да пайда болады.

Салтанатты шара барысында қала әкімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Негізгі Заңымыздың 20 жылдығына орай «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарын мегаполистің құрметті тұрғындарына табыс етті. Мерекелік медальдармен қаланың дамуына үлес қосқан 600 алматылық марапатталды, олардың арасында Ескендір Хасанғалиев, Тимур Сүлейменов, Гүлвира Разиева, Лаки Кесоглу, Нұрғали Нүсіпжанов, Айша Ержанова, Руслан Азимов, Бекмахан Құралбаев, Лидия Кочетова, Байтұрсын Омарбеков, Ермахан Ибраимов және басқалары бар.

28.08.2015