Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

31.03.2018
Алматы әкімі «Оңтүстік» саябағы мен Оқушылар сарайы алдындағы скверді қайта жасау жөніндегі жобаға түзетулер енгізуді тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қайта жасауға қатысты дайындықтар жүріп жатқан «Оңтүстік- Южный» саябағын аралап көрді. Саябақ Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай 14,2 гектар аумақты алып жатыр.

Қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев жоба бойынша жарық көздерін жаңарту, фонтандар жасау, орындықтар мен урналар қою, бұрыннан бар арықтарды жаңарту, сонымен қатар балалар мен спорт алаңдарын, саябақ пермиетріне орай веложолдар жасау қарастырылғанын айтты.

Алайда, мегаполис әкімі заманауи тенденциялар мен тұрғындардың талаптарына сай қолда бар жобаға түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті.

«Мұнда халықтың барлық топтарына - сәбидің арбасын сүйреген аналарға, балаларға, тыныштықты қалайтын ересек жандарға демалу жайлы болуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін емес, дұрыс демалатын орын, сондықтан асфальтты алаңды қысқартып, бұрыннан бар төте және жіңішке жолдарды қайта жасылдандырып, барынша қолайлы әрі көлеңкелі кеңістік жасаған жөн және үлкен сәулет пішіндегілердің орнына шағын локальді жарық көздерін орнату қажет. Су ішетін фонтандар, стационарлы дәретханалар, ең бастысы иттерді серуендететін арнайы қоршалған алаң болуы міндетті», - деді Бауыржан Байбек.


Алматы әкімі қайта жасаудың басты қағидасы бұрыннан бар жасыл желекті сақтаумен қатар жаңасын қалыптастыру екенін қадап тұрып айтты. Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, жобаға тиісті түзетулер енгізу тапсырылды. Жалпы, бұдан былай саябақ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.


Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Медеу ауданындағы Оқушылар сарайында да болды. Алматы әкімі бұрыннан бар жобаны оңтайландыруды және жасыл желекке тиіспеуді тапсырды. Скверді жаңғырту барысында суару жүйесін жаңарту, көше жарығы бағаналарын жөндеу және басқа да шараларды жүзеге асыру міндеттелді.


31.03.2018