Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

07.07.2017
Алматы әкімі ҚХР халық өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасарымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ҚХР халық өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары, әйелдердің Бүкілқытай федерациясының төрайымы Юэюэ Шэньмен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық және партияаралық байланыстарды нығайтуды талқылады.

Кездсу барысында Ю.Шэньнің Алматы сапарының екі ел астаналары мен өңірлері арасындағы белсенді саяси ынтымақтастыққа ықпал ететіні атап өтілді.

Бүгінгі күні Алматы мен Қытай арасында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс динамикасы артып келеді. Биылғы жылы мегаполис пен Күншығыс елі арасындағы тауар айналымы 45%-ға артып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. АҚШ долларын құраған. Қалада қытайлық капиталмен жұмыс істейтін 346 кәсіпорын тіркелген, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы жоғары технологиялы «Asia Steel Pipe» зауытының құрылысы басталды.

07.07.2017