2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

25.08.2020
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есік күнін» өткізеді. Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. 2020 жыл басынан бері автомат түзімде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылғанын атап көрсетеміз және олардың иелерінің көпшілігі «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есік күнінде» танысады. Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөліседі. Үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкін болады.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 10.00; 12.00; 14.00 және 16.00-де онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы төменде берілген сілтемесімен өту керек.
 Сонан соң event-жиналыс нөмірі мен event-жиналыс паролі енгізіледі.

 Мемлекеттік тілде:
 Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 12:00
 Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e7b33261c652efeb0843b244b7b6e5af9
 Еvent-кездесу нөмірі: 170 712 0199
Еvent-кездесу құпиясөзі: zz222
 Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 16:00
Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e23219a6f2b5b31059bc3999a25e63506
Еvent-кездесу нөмірі: 170 389 8317
 Еvent-кездесу құпиясөзі: zz444

 Орыс тілінде: Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 10:00 Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e19e14c1b7153a12d119ca372d47f0bee
Еvent-кездесу нөмірі: 170 535 3935
Еvent-кездесу құпиясөзі: zz111

 Күні мен уақыты: 27 тамыз 2020 ж. 14:00 Қатысушыларға еvent-кездесу мекенжайы: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e772916da31edfe0b182d6d20f7f114a0 Еvent-кездесу нөмірі: 170 680 0326
 Еvent-кездесу құпиясөзі: zz333


 «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды жән
е барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

 Байланыс тұлға - Бимурзаева Айгуль Амангельдиевна
 8 727 330 98 38,  вн.72762, 7 707 760 91 90.

 Кожахметова Айнур Абдурахмановна 7 707 323 1112

 Абуева Гулдана Нургалиевна 7 708 106 7192
25.08.2020