Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

16.02.2018
Алматының көлік бағыттарында газбен жүретін «Mercedes-Benz» автобусы тестіленеді

Неміс «Daimler AG» концерні Алматының тасымалдаушыларына газбен жүретін автобусты көлік бағытттарында тесттен өткізуді ұсынды. Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі Бауыржан Байбек «Евро-6» экологиялық сыныпқа жататын «Mercedes-Benz» маркалы автобустарды көрді.

Бұл автобустың басты ерекшелігі, «Daimler AG» коцерні ұтымты газ двигательдерін жасайтын әлемдегі жалғыз компания болып табылады, ал қалғандарының барлығы дизельді двигательдерде газ қондырғыларын пайдаланады. Ұзындығы 12 метрлік төмен еденді автобус кондиционермен, пандуспен, инфрақызыл сәулелерді өткізбейтін әйнекпен жабдықталған, оның сыйымдылығы 100 жолаушыдан астам, дыбысы а төмен әрі жүрісі өте биік деңгейде.

«Тәуелсіздік жылдары қалада 20 автопарк жұмыс істегенімен, саланы дамытуға қаржы бөлінбеді, оның басым бөлігі көлеңкелі секторда болды, бірақ қазіргі кезде кемшіліктер жойылып, жауапкершіліктерін жете түсінетін компаниялардың қанат жаюына мүмкіндіктер жасалуда, жариялылық артуда. «Mercedes-Benz» маркалы көліктер барынша сапалы әрі бағасы да жоғары, қалалықтар тиісті сервис болса қоғамдық көлікті пайдалануға ниетті. Сондықтан экономикалық тұрғыдан алғанда компанияның болашағы бар», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Фотография

Қазақстандағы «Daimler AG» концерні ресми дистрибьютерінің өкілі Андрей Кунах Алматыдағы жолаушылар тасымалына неміс өндірушілерінің қызығушылық танытқанын жеткізді.

«Компания қалада оң өзгерістер жасауда, нарық барынша ашық бола бастады әрі қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде. «Mercedes» автобус тестен өткізу болашақты ынтымақтастықтың бас деп ойлаймын», - деп атап өтті Андрей Кунах.

Фотография

Газбен жүретін автобус үш ай бойына «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсететін №12 бағытта және «Green Bus Company» ЖШС-тің бір бағытында жүретін болады.

«Осы маркідегі автобустар көптеген елдерде жақсы жағынан көінді, өзгелерге қарағанда осы көлікті шығаушыларға ұзақ кепілдік берілуде әрі бұлардың сервистік қызметі де жақсы. Қазіргі кезде біз Алматы жағдайында автобустарды тестілеуден өткізіп, оның қорытындысы бойынша нақтылы шешім шығарамыз. Жылжымалы составты жаңартқан тасымалдаушыларға әкімдік тарапынан субсидия төленетінін, ал газбен жүретін көлік субсидиясы сомасының жоғары болатынын ескерсек, онда «Мерседес» маркалы автобустармен өз автопаркімізді жаңартуды негізгі варианттардың бірі деп білеміз», - деп атап өтті «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев.

Еске салсақ, Алматыда №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.



16.02.2018