Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

03.09.2015
Б.Байбек «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының басшысы атанды және «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс өткен XVII конференциясында Алматы қалалық филиалының Төрағасы болып сайланды. Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен қала әкімін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Асқар Мырзахметов Б.Байбекке Партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «нұротандықтар» алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруда партияның Алматы қалалық филиалын ерекше бағалайтындығын жеткізді.

«Партияның жұмысы бастауыш партия ұйымдары мен өңірлердегі қоғамдық қабылдаулар арқылы күшейетін болады. Біз азаматтарды толғандырған мәселелерге терең бойлау үшін олардың өтініштерін жете зерттейміз», - деді А.Мырзахметов.

Алматы қаласының әкімі, партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Бауыржан Байбек өзінің сөзінде қалалық филиалдың бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді және оның кезінде үлкен істердің орындалғандығын атап өтті. Б.Байбек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруда қала басшылығы мен партия активінің алдында тұрған негізі міндеттерді айқындап берді.

Қала басшысы тұрғындармен тығыз байланыс жасауды, бұқараның жергілікті атқарушы билік пен партияның қалалық филиалына деген сенімін нығайтуды, партиялық мониторингтің жаңа әдістерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мен бюджеттік қаржының тиімді игерілуін бақылаудың жаңа әдістерін ұйымдастыруды қадап тұрып айтты.

«Партия ұйымының рөлін күшейту қажет, мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс жасайтынын айғақтайтын әрі бұқарамен байланысты нығайтатын қоғамдық ұйымдардың рөлін барынша арттырған жөн. Осыған орай әкімдіктер деңгейінде жүйелі сараптама жүргізіледі. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын боламыз. Қалалықтардың тұрмыс жағдайы барынша жеңілдетілуі тиіс. Халықтың атқарушы билікке деген сенімі - партия мен мемлекеттік органдардың атқарған жұмысының басты факторы», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі партияның қалалық филиалының кәсіпкерлік пен КОБ-ті қолдауға және рұқсат беру процесстерін жеңілдетуге мән беретінін жеткізді. Осы ретте мегаполис басшысы барлық ауқымды қалалық жобалардың түгелдей дерлік қайта қаралатынын, қаржы көздерінің ең алдымен әлеуметтік мәні бар міндеттері жүзеге асыруға жұмсалатындығын атап өтті. Әкім жастармен жұмысты одан әрі жандандыруды, жаңа жұмыс орындарын ашып, жастарды еңбекпен қамтуды тапсырды.

Осы күні Б.Байбек пен А.Мырзахметов Медеу ауданындағы партияның аудандық филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

03.09.2015