Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

30.03.2018
Бауыржан Байбек Алматыда жол жөндеуге бақылауды күшейтуді және жөндеу мерзімін оңтайландыруды тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың барлық мердігерлік ұйымдарының қатысуымен алдағы уақытта мегаполистің көше-жол желілерін жөндеу мәселесіне қатысты кеңейтілген кеңес өткізді. Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі ұзындығы 15,7 шақырым болатын трамвай жолдарын демонтаждау жоспарланған.

Жиын барысында қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов барлық жөндеу жұмыстарының 2018 жылдың қараша айында аяқталатыны және 24 көше бордюрлерінің толық жаңаратыны, көшелердің 43 пайызының жеке бөліктерінің қайта жасалатыны туралы хабарлады.

Өз кезегінде мегаполис әкімі басқарма жасаған жоспарды қатал сынға алып, жұмыстың нақтылы кестесін жасай отырып, жобалау әдістерін қайта қарауды тапсырды.

«Біз Алматыны «Қала – адамдар үшін жайлы» қағидасы бойынша дамытудамыз, сондықтан жұмыстарды жүргізген кезде кедергілерді барынша азайтып, уақыттты қысқартқан жөн. Өткен жылы жолдарды жөндеу, жылу трассаларын жаңарту, орталықты жаңғырту жөнінде ауқымды жұмыстар жүзеге асты, дегенмен процесс барысында бірқатар кемшіліктер анықталды, әсіресе тайм-менеджмент бойынша. Биылғы жылға жасалған жоспарда кейбір мердігерлердің жөндейтін жолдары небәрі 5 шақырым, оны қарашаға дейін созудың қажеті қанша. Қыстың алдында тегіс асфальтты жол кімге керек», - деп реніш білдірді Бауыржан Байбек.

Фотография

Ол мердігерлердің бірнеше күн бойына асфальтты алатын,бордюрлерді шығаратын және асфальт төсеуді ұзаққа созатын ескі әдістерден толық арылуын қадап тұрып айтты.

«Жұмысқа кіріспес бұрын жөнделетін әр көше бойынша ақауы көрсетілген актілі фотоальбомды ұсыныңыздар. Жұмысқа барынша кешенді түрде қарап, әрбір аспектіні ойланып барып жасау керек. Мердігер кейбір жерлерде арық науаларын ауыстыру, қоршауларды, қараусыз қалған бағаналарды, бетон конструкцияларын, керексіз желілерді, бір сөзбен айтқанда барлық визуалды қоқысты алып тастау қажет екенін білуі тиіс, сонда ғана іс бірнеше рет қайталап атқарылмайтын болады. Оның үстіне бұрыннан бар жасыл желекті барынша сақтаған жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, қалада бұрынғысынша дұрыс орналаспаған тұрақ қалталары жеткілікті. Тіпті, кейбір учаскелерде көлік иелері автомобильдерін бұрыштап қойып, қозғалыс желісінің өткізгіш қабілетін төмендетіп, апатты жағдайға ұрындырады. Мегаполис басшысы жол жөндегенде осы факторды ескеруді, тұрақ қалталарының бергі беттерін ғана абаттандыруды тапрсырды.

Мегаполис әкімі жол жөндеу барысында көшелердің жабылатын бөліктері туралы тұрғындарға дер кезінде хабарлау керектігін де айтты.

«Қандай жұмыстардың жүретіні және қашан аяқталатыны туралы түсінік беру қажет. Компания басшыларының байланыс нөмірлеріне дейін жазылған толық ақпараты бар стенділер орнатылуы тиіс. Ақпараттық ресурстарда жұмыс кестесінің болғаны жөн», - деді әкім.

Бауыржан Байбек кеңестің жұмысын қорытындылай келіп, қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бір апта ішінде жоспар жасауды, онда әрбір мердігер ұйымдардың қандай жұмыстарды қашан және қалай жүргізетіні, нақтылы мерзімі көрсетілуі тиіс. Оңтайландырылған жұмыс кестесі келесі кеңесте ұсынылуы қажет. Осындай тапсырма қаланың энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына да берілді.

30.03.2018