Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

22.10.2018
Алматыда жайлы қала кеңістігін құру үшін не жасалуда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Мегаполис басшысы бұрын Желтоқсан көшесін аралаған кезде «Тәуелсіздік таңы» монументі жанына шағын қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырған еді.

Егер бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішпен түйісіп тұрса, енді шағын жерге кеспе тас төселіп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді әрі жасыл шөп отырғызылды.

Өз кезегінде Абай даңғылының бірқатар бөлігіне, соның ішінде Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдына гранитті тротуар плиткасы төселді, және жасыл желек көлемі артты. Театрға кіре беріс жердегі ұзақ уақыт бойына бос тұрған су бұрқақ іске қосылды.

Қаланы модернизациялау барысында Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы бұрынғы резервуардың орнына жаңа фонтан пайда болды.

Кедергісіз кеңістікті ұлғайту үшін пандустардың саны көбейді. Мысалы, Спорт пен туризм академиясы алдындағы жаңа фонтанға қиналмай түсуге болады. Көлік қозғалысы бөлігіне жақын орналасқан бекеттер қауіпсіздік үшін ауыстырылды, жолаушы ағыны көп жерлерге қосымша бекеттер жасалады.

Қаланы аралаған Бауыржан Байбек кәсіпкерлермен жүздесті, қайта жасалған даңғылдарда орналасқан сауда объектілерін көрді.

Абылай хан даңғылындағы «Лакомка» кондитер дүкенінің сатушысы жөндеу жұмыстарынан соң және ұзақ уақыт бойына бос тұрған фонтанның іске қосылуы барысында келуішілердің едәуір көбейгенін айтты.

«Сатып алушылар жиі келе бастады, тіпті сендер жаңадан ашылдыңдар ма деп сұрайды. Ал біз мұнда көптен бері жұмыс жасаймыз. Айнала таза, бәріміз ризамыз», - деп күлімсіреді ол.

Бір ай бұрын ғана жаңарған «Алматы Кітап» дүкенінің сатушысы Наталья Кох Абай даңғылын реконструкциялау арқасында кітапқа деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

«Сіздер сыртты жаңаласаңыздар, біз ішті әрлеудеміз. Оның барлығы оң нәтиже беруде. Жаңарған жерлерде серуендеушілер саны артты, кітап витринасына көз салып, келушілер де көбейді», - деді Наталья Кох.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде жаңарған даңғылдарға ағаш отырғызу, заманауи көше жиһаздарын қою басталды. Көше мен тротуарлардың жарық көздері модернизациялануда. Алынған бағаналар қалаға қосылған елді мекендерге орнатылуда.

Бұлардан өзге, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды.

Жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.

















22.10.2018