2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

19.02.2020
Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді шаралар әзірленді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуі өтуде. Жиында қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ұзақ және орта мерзімді шаралар әзірленгенін мәлімдеді.

 Атап айтқанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың өсуіне бағытталған төрт маңызды құжат дайындалды: «Алматы-2050» Даму стратегиясы, «Жаңа Алматы» атты шеткі аймақты дамытудың кешенді жоспары, Алматы агломерациясын дамыту бойынша «Үлкен Алматы» жоспары, «Алматының ерекше мәртебесі туралы» Заң.

«Алматы-2050» Даму стратегиясы – бұл қала болашағының көрінісі. Стратегия шаһарды дамытудың түбегейлі жаңа кезеңін ашып, үш қағидаға негізделеді: жаңа экономика, жаңа кеңістік және жаңа коммуникациялар. 2050 Стратегиясы 7 негізгі бағытты қамтиды: Шетсіз қала, Ақылды қала, Тең мүмкіндіктер қаласы, Қауіпсіз қала, Жасыл қала, Жаһандық іскерлік орталық, Мәдени әрі креативті қала. «Шетсіз қала» қағидасы ерекше маңызға ие. Бұл –аудандарды дамытуда тепе-теңдікті сақтауға, қаланың барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» жоспары. Соңғы 10 жылда қаланың аумағы екі есе өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі күрт өсті. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай алматылықтардың саны 3 млн. адамға жету мүмкіндігі көрсетілген.

Осыған байланысты қала әкімдігі мегаполисті дамытудың бесжылдық кезеңге арналған кешенді жоспарын әзірледі. Үкімет оны бекітті. Басты мақсат – әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған инженерлік желілердің тозуын төмендету, орталықтандырылған сумен жабдықтауды және жарықтандыруды 100%-ға жеткізу, жолдардың сапасын және т.б. жақсарту міндеттері кіреді. Алматы агломерациясының жоспары ішкі көші-қон мәселелерін шешеді.

Жоспарға сәйкес, үлкен Алматыны дамытуда көлік инфрақұрылымы мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Осы жоспарды іске асыру мақсатында ҮАААЖ айналма жолына 6 көше, қала аумағында 3 көлік торабының құрылысы, облыстың 5 елді-мекенінде автовокзал салу жоспарлануда. Орта мерзімді жоспарларда – Ұзынағаш, Қаскелең, Талғар және Есік елді-мекендеріне дейін батыс және шығыс бағытта қала маңындағы электр энергиясының қозғалысын ұйымдастыру.

Азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мақсатында қала айналасында 4 көтерме-тарату орталығы, 2 ет комбинаты, 7 жылыжай, 2 сүт фермасы салынатын болады. Алматы агломерациясы жаңа жоспарының арқасында қала маңы көпсалалы аймақтар ретінде дамиды деп күтілуде.

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң 28 мәселе бойынша әкімдіктің құзыретін кеңейтуде. Заңнамалық өзгерістер әкімдікке қалалық ортаны, жер активтерін, көлік және басқа да қалалық қызметтердің жұмысын, әлеуметтік, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулет сұрақтарын басқару бойынша кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Еске салсақ, мегаполис әкімінің есептік кездесуінде рекордтық 3,2 мың адам жиналды.


19.02.2020