2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

27.08.2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың 27 тамызы «Ашық есік күні» – онлайн пішімде
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың 27 тамызы «Ашық есік күні» – онлайн пішімде «Ашық есік күні» – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алымшылары мен салымшылары үшін дәстүрлі шараға айналды. Алайда коронавирус індетінің (Covid-19) өршуіне байланысты Қор филиалдарында салымшылармен кездесулерді жүзбе-жүз өткізу мүмкін болмағандықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны виртуалды кеңістікке ауыстырды. Қордың әрбір салымшысы онлайн платформа арқылы «Ашық есік күні» шарасына үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ қосылуға мүмкіндік алды. Шараның тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз» деп аталды. Осы арқылы зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылған 1 миллионнан астам жаңа салымшылар Қордың мақсатты аудиториясына айналды. Еске сала кетсек, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға түзетулер мен өзгертулер енгізуге байланысты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ. Шот алғашқы жарна түскен бойда автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның жеке басын куәландыру МЗЖ төлеу барысында төлем тапсырмасында көрсетілген дербес деректер ( аты-жөні, ЖСН, туған жылы) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер , тұрғылықты мекен-жайы туралы мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Нәтижесінде автоматтандырылған үрдістердің көмегімен 2019 жылы МЗЖ бойынша 398 376 шот ашылса, үстіміздегі жылы бұл сан 1 миллион жаңа шотқа көбейді. Осы ретте ЖЗШ жайында автоматты түрде ақпарат алу тәсілі Қорға жеке өтініш беру болып табылады. Шараға қосылғандардың әрқайсысы өздерін толғандырған барлық мәселелер бойынша БЖЗҚ мамандарынан кеңестер алды, сондай-ақ, заманауи және шұғыл ақпараттандыру тәсілдері туралы хабардар болды. Мәселен, бұл enpf.kz ресми сайты немесе Android және IOS жүйелеріне арналған мобилді қосымша. Олардың көмегімен кез-келген салымшы ЖЗШ туралы үзінді көшірмені алып, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, келісімшарт деректемелерін, өзге де қызмет түрлерін көре алады. Еліміз бойынша өткізілген шара қатысушылардың көптігімен ерекшеленді, әрбір салымшы зейнетақы жүйесі бойынша қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алғандарына ризашылық сезімдерін білдірді және «Ашық есік күні» шарасын жаңа пішімде өткізуге ізденіс білдірген Қор қызметкерлерінің шығармашылық қадамдарын айрықша атап өтті.
27.08.2020