2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

25.12.2019
«Кедергісіз келешек», «Құтты мекен»

Nur Otan партиясына деген сенімнің артуы әрбір партия мүшесінің жұмысына байланысты – Б. Сағынтаев

Nur Otan қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық кеңес өткізді. Онда партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері пысықталды.

Кеңесте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру бойынша «Кедергісіз келешек» және коммуналдық инфрақұрылым және аумақты абаттандыру мәселелерін шешу бойынша «Құтты мекен» партиялық жобаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Партияның аудандық филиалдары төрағаларының, сондай-ақ партия мүшелері – қалалық мәслихат депутаттарының жұмыс тиімділігі жеке қаралды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Nur Otan қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Қанкуровқа әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың нысандарын бейімдеу мониторингін жалғастыру тапсырылды. Ал тәртіп жағы ретке келтірілмеген ұйымдардың басшылары екі ай мерзім ішінде бейімдеу жөніндегі жұмысты аяқтауы қажет. Екінші мәселе бойынша жетекшілік ететін басқармалармен бірге қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Кеңесті қорытындылаған Б. Сағынтаев партияны қайта жаңғыртудың маңызды мәселелері, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін және жүргізіліп жатқан жұмыстың сапалы құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті. Жұмыстың нәтижесі қалалықтардың партияға деген сенімінің өсуі болмақ.


25.12.2019