Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

08.12.2017
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді

Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады.

Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 16 қабатты тұрғын үйдің жобасы бекітілді.1026 орынды көпдеңгейлі паркинг салу қарастырылған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында құрылысты жүргізуші бала бақшасын салу үшін 0,6 га жерді қаланың коммуналды меншігіне өткізеді.

Өз кезегінде Алатау ауданының «Өжет» елді мекенінде бес және жеті қабатты тұрғын үйлер салынады. Осы аумақта 100 және 150 орынды екі бала бақша салу жобаланған, сонымен қатар үшдеңгейлі аула тұрақтары болады. Рекреациялық алаң ретінде скверлі бульвар қарастырылған.


Қаланың Бостандық ауданында 360 оқушыға арналған халықаралық жалпы білім беретін мектеп және 120 орынды бала бақша бой көтереді. Ғимарат екі блоктан тұрады, олар өзара галереямен жалғасады. Мектеп аумағында балалардың ойын және спорт алаңдары, бассейн, жарыстар өтетін спорт жазықтар қарастырылған.

Осы аймақта Әл-Фараби, Сейфуллин, Марков, Попова көшелері бойында «жасыл» стандарты бойынша тұрғын үй пайда болады. Әр қабат экологиялық таза материалдардан жасалады, іске қосылғанда жоғары энергиялық тиімділкке қол жетеді, террастарға ағаш отырғызылады. Мұнда бірінші қабатта коммериялық нысандар, 350 орынды екі бала бақша мен жер асты паркинг болады. Құрылыстың біту мерзімі– 4 жыл.

Бұдан өзге, Бостандық ауданында салынатын екі көпқабатты тұрғын үйлердің жобалары бекітілді. Кешен бес үйден, бала бақшадан, жер асты паркингтен, Бұхар жырау бульварының солтүстігіне қарай, Есентай өзенінің шығысына қарай бой көтеретін коммерциялық нысаннан тұрады. Гагарин - Березовский - Радостовец - Короленко көшелерінің аумағына салынатын түрлі секциялары, жер асты паркингі, коммерциялық нысандары бар бес көпқабатты кешеннің жобасы да бекітілді.

Әуезов ауданындағы Тепличная көшесінің бойына жер асты паркингі, коммерциялық насындары бар 12 қабатты алты тұрғын кешені салынады.

Айта ктерлігі, жобаларды қараған кезде энергиялық тиімді әрі сапалы материалдарды пайдалануға, сыртқы әрлеу жұмыстарын талапқа сай жүргізуге, ғимараттарды түнде жарық көздерімен нұрландыруға, шектеулі жандар үшін жағдай жасауға, көлік жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға айрықша назар аударылады.

08.12.2017