Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

17.09.2019
«Қазақфильм» киностудиясында қазақ киносының музейі ашылды

2019 жылдың 16 қыркүйегінде Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында Ш. Айманов атындағы қазақ киносының музейі салтанатты түрде ашылды.

Мұнда құнды мұрағаттық экспонаттар жинақталған, олардың арасында аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы, қазақ кинематографистерінің классигі Шәкен Аймановтың жеке заттары мен коллекциясы, кинофильмдер кейіпкерлері киген ерекше костюмдер және басқалары бар. Музейдің басты мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың қайта қалпына келтірілген жұмыс кабинеті.

Алқалы шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Есет Қосубаев, Қазақстан кинематографистері одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, киностудия басшылығы мен ұжымы және танымал кино қайраткерлер қатысты.

«Бүгін біз Сіздермен бірге маңызды мәдени оқиға - аты аңызға айналған Шәкен Айманов атындағы қазақ киносы музейінің ашылуына куә болудамыз. Музейдегі барлық экспонаттар қазақ киносының классигіне айналған сол кездегі ғажап туындылардың тарихынан сыр шертеді. Бар өмірлерін кино әлемін дамытуға арнаған ғибратты жандар жинаған әрі сақтаған әр бұйым барынша қымбат. Мысалы, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек фильмінің» қоюшы- суретшісі болған Гүлфайруз Исмаилова бас кейіпкердің камзолын, көйлегін және сәукелесін сақтап қалып, музейге тапсырған. Иван Зайцевтің арқасында көнеден қалған кинотехника көпшілік көзайымына айналмақ. Меңтай Өтепбергенов ескі фильмдердің афишаларын сол қалпында сақтаған. Музейдің қалыптасуына және ашылуына Шәкен Кенжетайұлының туыстары зор үлес қосты.Ортақ істегі олардың еңбегі ерен. Енді музейдің әрбір қонағы қазақ киносының тарихына терең бойлай алады», - деді киностудия президенті Арман Әсенов.

«Барлық кинематографистерді Ш. Айманов атындағы қазақ киносы музейінің ашылуымен құттықтаймын. Жаңа мәдени ошақ бүгіннен бастап ару қаламыз Алматының көрнекі орындарының біріне айналатындығы шындық. Музейдің басты миссиясы – қазақ кинематографымен тікелей байланысты баға жетпес мұрағаттық экспонаттарды көздің қарашығындай сақтап, оның бай тарихын халыққа жеткізу Бұл алғашқы әрі барынша ғажап экспонаттар жиынтығының жастарды ғана емес, қаламызға келген барлық шетелдік қонақтады да қызықтыратынына сенімдімін», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Дәл осы күні музей коллекциясы тағы үш бағалы экспонаттармен толықты. Олар – Шәкен Аймановтың 100 жылдығы мен Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай ҚР Ұлттық банкі шығарған мерекелік күміс тиындар, «Қазпошта» АҚ жасаған тақырыптық маркалар.

Бұларды ҚР Ұлттық банкінің Бас дизайнері Алмат Басенов пен «Қазпошта» АҚ пошта төлемдері белгілері басқармасының техникалық редакторы Оңғарбай Іңкәрім-ай тапсырды.

17.09.2019