Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

10.07.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып  Мұхтар Тәжібаев тағайындалды.

Мұхтар Тәжібаев – мемлекеттік қызметті 1993 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт  министрлігінің бөлім инспекторы ретінде бастаған.

1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меңгерушісі болған.

2001-2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдар  аралығында «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге  сала кетейік, ауданның бұрынғы  әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

Жетісу ауданында соңғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21%-ға артты, өндіріс өнімі 30 млрд. теңгеге (22%) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке бала бақшалар мен 11 миниорталықтар ашылды.


10.07.2017