Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

16.08.2019
19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады

2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады. Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімді, мобильді нұсқасы дайындалуда) қоғамдық қабылдау порталы арқылы қала тұрғындары ашық түрде өздерінің ұсыныстары мен жобаларын енгізуге мүмкіндіктері бар. 

Үздіктерді қала тұрғындардың өздері дауыс беру арқылы анықтайды. Сонымен қатар қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері де жобаға өз бағасын береді.

 Жобаға ұсынысылған өтініштер төмендегі критерийлерге сай болуы тиіс:

 • бір автор - бір өтінім - бір нысан; 

• нысанның игілігі жалпыға ортақ болу; 

• нысанның іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында болуы, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде және т.б. орналасуы тиіс. 

Жобаға ұсыныстарды беру тәртібі мен іріктеу критерийлері, сараптау комиссияларының функциялары туралы толық ақпаратты OpenAlmaty қалалық порталында "2019-2020 жылдарға арналған Алматы қаласының "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасын ұйымдастыру деген бөлімнен қарап, танысуға болады. 

Өтінім беру барысында техникалық қиындықтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 775 818 05 73. 

"Бюджетке қатысу" жобасының ұйымдастырылу немесе өтінімдерді беру және іріктеу тәртібі туралы қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 727 224 39 29 (ішкі. 203, 103)



16.08.2019