Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

05.07.2017
Астана күніне орай Алматыда жаңа жолайрығы пайдалануға берілді

Алматыда Бөкейханов көшесінің қилысы мен Солтүстік айналым бойында жаңа жол айрығы ашылды. Бұрын осы учаскеде тәулігіне 211 мың автомобиль өтетін болса, жаңа нысанның арқасында жолдың өткізу қабілеті 361 мың көлікке артып, 70%-ды құрады. Жаңа жолайрығы Дорожник, Шаңырақ, Өжет ықшам аудандарындағы көлік тығыздығын 20%-ға қысқартады.

Жобаның технологиялық жағынан күрделі болуына қарамастан нысан жоспарланған мерзімінен алты ай бұрын берілді. Жолайрығының құрылысы 2015 жылдың соңында басталған еді, оның жалпы құны 8,6 млрд. теңге.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 10 жыл ішінде қалада 30 жолайрығының іске қосылғанын, бірақ халықаралық тәжірибе жеке көліктер үшін инфрақұрылым көп жасалса, қаланың көлік тарфигінің арта түсетіндігін көрсетті.

«Бүгінгі күні қалада кешенді көлік реформасы жүруде. Кіші көлік айналымының өткізу қабілетін арттыру үшін үш жолайрығы салынуда, ал қаланың орталық көшелерінде жаяу жүргіншіге басымдылық берілуде. Жеңіл және үлкен рельсті көлік енгізу жобалары,қоғамдық көлік үшін арнайы жолақтар жасалуда, жаңа бағыттар ашылуда, жылжымалы состав жаңаруда, велобекеттер орнатылуда, жасыл желек көлемі ұлғаюда.Осының барлығы қала экологиясын жақсартып, өмір сүру үшін барынша жайлы ете түсуде», - деді әкім және жаңа жолайрығының айналасын көріктендіру жөнінде тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Фурманов көшесі Жансүгіров көшесіне дейін теміржол арқылы эстакадамен бірге, Хмельницкий көшесі Сүйінбай даңғылынан Жас қанат ықшам ауданына дейін, Абай даңғылы Әуезов көшесінен Қалқаманға дейін, одан қала шекарасына дейін үңгіленуде

Сейфуллин – Жансүгіров,Рысқұлов даңғылы,Емцов көшесі мен Құлжа трассасы қиылыстарында жолайрығы құрылыстары одан әрі жалғасуда,BRTжелісі бойынша көше-жол жүйесі жаңаруда,Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,335 км болатын, Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ елді мекендерінде ұзындығы 10,993 км болатын жолдар салынуда.

Сонымен қатар, Алматыда жүргіншілерге басымдылық беру үшін бірқатар көшелер қайта жасалуда. Биылғы жылдың аяғына дейін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь,Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңына тастар төселеді, жасыл желек отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаңдары пайда болады, веложолдар абаттандырылады, нысандар текшелері жарықтандырылады. Осыған қатысты жасалған жобалардың ешқайсысында жасыл желекті бұзу, бұрыннан барын кесу қарастырылмаған. Көлеңкелі кеңістікті кеңейту үшін биік болып өсетін қайың, емен, терек және басқа да ағаш түрлері, мыңнан астам бұта-шіліктер отырғызылатын болады.


05.07.2017