Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

07.12.2017
Алматыда №70 бағыты бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау жұмыстары жүруде. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек №70 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастаған жаңа автобустарды қарап шықты.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов жеке тасымалдаушының №70 бағыты бойынша жеткілікті қозғалмалы составы болмауы салдарынан жолаушылар тарапынан көп шағымдар түскенін айтты.

«Бағыт өте қажет, өйткені «Көкжиек» ықшам ауданынан басталып, қаланың орталығын басып өтіп, «Таулы қырат» елді мекенінде соңғы аялдамасын жасайды. Қажетті автобустар бөлу арқылы бұл бағытқа «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетуі тиіс деген шешім қабылданды. Бұлар- кондиционерлермен, пандустармен, видеобақылаумен жабдықталған әрі эклогиялық Евро-5 сыныбындағы 12 метрлі төмен еденді автобустар. Енді жолаушылар легі артады деген сенімдеміз, - деді М.Исахов.

Естеріңізге салсақ, бұрын №86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан болатын, №77 бағыты қайта ашылды.

Жалпы, биылғы жылы Алматыда 388 автобус алуға қаржы бөлінген еді, олардың 165 – і түрлі бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, қалған 223 –і жыл аяғына дейін іске қосылады.

Көлік реформасы аясында жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус сатып алды, олардың 79-ы бағыттар бойынша жүруде. Жыл аяғына дейін тағы 32 автобус жолға шығады, қалған жаңа 163 автобус 2018 жылдың бірінші тоқсанында келеді.

07.12.2017