Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

31.01.2018
Алматыда №124 бағыттағы автобустар жаңарды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы төмен еденді жаңа автобустар №124 бойынша жолға шықты.

Бұрындары тасымалдаушы техникалық жағдайы төмен жылжымалы составтың төрт бірлігін линияға жіберетін. Осының салдарынан Алатау ауданы тұрғындарынан көп шағым түскен еді, олқылықтың орнын толтыру үшін ұзындығы 12 метрлі кондиционерлеромен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған автобустар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бұдан былай 20 көлік бірлігі Водник және Горный Гигант елді мекендеріне қызмет көрсетеді, интервал 10 минут. Қозғалыс жиілігінің және жаңа автобустардың арқасында осы бағыттағы жолаушылар легі 2,5 есе артады деп күтілуде.

Еске салсақ, Алматыда №69, 131, 115, 127, 12, 22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112,22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.


31.01.2018