Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

14.10.2019
Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті

Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті.

 Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті Аманжол Қошанұлы!85 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын!Сіз көрнекті ғалым ретінде отандық экономикалық ғылымды қалыптастыруға мол үлес қосып келесіз. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз және ілгері зерттеулеріңіз тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне өзіндік пайдасын тигізе беретіні сөзсіз», - делінген жеделхатта.

Симпозиумның жұмысына танымал отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.


14.10.2019