2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

03.02.2020
Алматы қаласында әл-Фарабидің барлық мұрасын жинау жоспарланды

Ұлы философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында ресми рәсімде қала басшысы Бақытжан Сағынтаев әл-Фарабидің мұрасын зерттеу жолында үлкен жұмыстардың атқарылу керек екенін және оны қазіргі заманға бейімдеуді ұсынды.

Алматы әкімі өз сөзінде көрнекті ғұламаның мұрасын одан ары зерттеу, бүгінгі күннің қажетіне жарату бағытында атқарылуға тиісті ауқымды істердің жетерлік екенін, бұл ретте, бірқатар шараларды үкімет қолға алғанын орынды болатынын атап өтті.

«Ең алдымен, әл-Фараби мұрасын зерттеу әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, зерттелетін қырлары жетерлік. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әл-Фараби еңбектерін, шет тілдердегі аудармаларын туған жеріне қайтарып, әл-Фараби орталығының жеке қорын жасау керек. 1975 жылы ойшылдың 1100 жылдық мерейтойынан бастау алған аударма ісін қайта жандандыру керек»,- деді Б.Сағынтаев.

Ұлы ойшылдың ғылыми жұмыстарының қатарына аспан денелерін зерттеу де кірген. Өскелең ұрпаққа әл-Фараби мұрасын дәріптеу мақсатында қала басшысы Алматы қаласы обсерваториясында Фараби бұрышын ашуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кітапхана жұмыс істейді. Онда мұражайдың экспозициялары, ұлы ойшылға арналған еңбектердің көрмесі, сондай-ақ ол туралы отандық және шетелдік басылымдар, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің, Абайдың және Алаш қозғалысы қайраткерлерінің залдары, сирек және құнды кітаптар қоры бар.


03.02.2020