Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

29.06.2017
Алматыда «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жеке бала бақшалар саны артуда

Алматыда балдырғандармен кәсіби тәрбиешілер жұмыс істейтін жеке коттедждерде ашылған мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің саны артуда. Алматы әкімі қаланың бірқатар мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, соның ішінде «Журавушка», «i.Bala», «Panda» бала бақшаларында болды.

Көп жылдар бойына мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде педагог болған, қазіргі кезде «i.Bala» бала бақшасының директоры қызметін атқарып жүрген Самал Жұмабекова өзінің сөзінде коттеджді жалға алғанын, кейін сатып алатынын айтты. Бес жыл бойына бос тұрған коттедж базасы негізінде бала бақша ашу үшін 12 млн. теңге инвестиция жұмсалыпты. Мұнда балдырғандар дәріс беру үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді. Самал Жұмабекова қажетті қондырғылармен және кабинеттермен жабдықталған тағы бір бала бақшаны тамыз айында ашуды жоспарлап отыр.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттің жеке бала бақшаларды ашуы арқылы бюджет қаржысын үнемдейтінін, кезек қатарын қысқартатынын, ал кәсіпкерлердің «Балапан» бағдарламасы аясында қолдауға ие болатындығын айтты.

Мысалы, Әуезов ауданында 2015 жылы бюджет есебінен 800 орынды 7 мемлекеттік бала бақша салынды, құрылысқа кеткен шығын көлемі 2,2 млрд. тенңгені құрады. Ал, өз кезегінде 2016 жылы бизнесмендер қаржысы есебінен 657 орынды 21 жеке бала бақша іске қосылды, оларды салуға кеткен инвестиция көлемі небәрі 180 млн. теңге. Демек, жеке бала бақшалар ашу есебінен 2 млрд. теңге үнемделді.

29.06.2017