Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ОҚИҒАЛАР

17.08.2015
Алматының Наурызбай ауданында 2015 жылғы 23 шілдеде болған сел себептеріне қатысты жарияланған ТЖ тәртібі алынып тасталды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданының аумағында жұмыс сапарымен болды. Қала басшысы Қарғалы өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстарын, су бөгетінің тазарту станциясын, селден қорғау бөгетін, су тазарту станциясын аралап көріп, білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Бұдан соң Бауыржан Байбек көшпелі жиын өткізіп, мемлекеттік органдар басшыларының жүзеге асырған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есептерін тыңдады. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру және ауыз судың толықтай тазартылғандығы жөніндегі атқарылған нәтижелі іс аталып өтілді.

Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 13 километр болатын Қарғалы өзенінің зардап шеккен 7 километр арнасы тазартылып, 5 километрден асатын жердің жағалаулары нығайтылды. 406 учаске тазартылды, 175855 текше метр лас заттар сыртқа шығарылды. №28237 әскери бөлімше Ұлттық гвардиясының күші және қаржысы арқасында №187 орта мектептің жертөлесі ластан арылтылды, қазіргі кезде мектеп 98%-ға тазарған.

Қала басшысы ТЖ болдырмаудың шараларын қарастыруды, өзен жағалауларын мықтап бекітуді тапсырды және үйлері сел зардабынан жапа шеккен тұрғындардың пікірлерін тыңдады. Тұрғындар Елбасы тарапынан жасалған қолдау мен қамқорлықты, сондай-ақ ТЖ тәртібін алып тастау үшін барлық құрылымдардың жедел әрі ұтымды жұмыс атқарғандықтарын, нәтижесінде зардап шеккен аудандардың бұрынғы қалпына келгендігін айтты.

«ТЖ тәртібін алып тастау туралы шешім қабылданды, енді абаттандыру жөніндегі бұдан былайғы жұмыстарды штатты кесте бойынша коммуналды қызметтер жүргізетін болады. Кезек күттірмейтін міндет - 1 қыркүйекте барлық үш мектеп балаларды қабылдауға дайын болуы, балалардың зардап шекпеулері үшін техникалық, сондай-ақ санитарлық нормалар сақталуы тиіс. Ең бастысы - өзен арналарын мықты етіп бекіту», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.

17.08.2015