Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторлары


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Құтырма ауруы

Орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру.
Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар (қасқыр,түлкі т.б.) және адам ауырады.
Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң
8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.
Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).
Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері(ашушаңдық, мазасыздық, агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды, төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі.
Құтырманың «А» типтік (ауруға тән емес) түрінде жануар арықтайды, асқазан-ішек ауруларының белгілері білінеді, ашушаңдық, еліру,  шабуылдау белгілері білінбейді.
Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді.Аурудың белгілері ит құтырмасы секілді.  Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды.
Құтырған жабайы аңдар адамдардан қорқуын қойып, ауыл арасын кезіп жүреді, малға,адамға шабады.
Мүйізді ірі қараның құтыруы көбіне тыныш түрінде өтеді.Қарлығып мөңірейді, сілекейі ағады, қалтылдап шатқаяқтап жүреді, аяқ параличі тез пайда болады. Құтырманың
белгісіз түрінде өтуі де сирек емес. Бұл жемнен бас тарту, асқазан әлсіздігі, құмалақ тастау бейнесіне жиі тұрады,сіресу ұстамасы,соңы салданумен аяқталады.
Ірі қарада құтырманың еліру түрінде ноқтадан босануға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға шабуылдайды.
Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай өтеді.
Жылқы мен шошқада құтырма көбіне елірме түрінде өтеді.
Құтырма қандай түрінде өтсе де, қандай жануар ауырса да соңы өлім-жітімге әкеліп соғады.
Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит,мысық және басқа жануарлар оқшауланып , ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит ,мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
 Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде  құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға
вакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен
иммундалуға тиіс.   Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.                                                                      
 
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлары
Есбаева Дүрия Тұрарқызы
Жанпейісов Дәурен Бақыталыұлы

Сальмонеллез инфекциясының алдын алу

Сальмонеллез - сальмонелла тобына жататын көптеген қоздырғыштары бар жедел ішек ауруы. Ғалымдар сальмонелланың 700-ден астам түрін анықтаған. Олар қоршаған ортаға төзімді, төмен температурада ұзақ сақталады. Азық-түліктерде, әсіресе жұмыртқа, май, сүт және сүт өнімдерінде тез көбейе алады.  Бұл инфекция  жас нәрестелерде ауыр түрде өтеді.  
Сальмонелланың негізгі тасымалдаушылары - ірі қара мал, шошқа, құстар, соның ішінде суда жүзетін құстар. Адамдар ауру қоздырғышы бар тағамдарды (ет және ет тағамдары, жұмыртқа) пайдаланғанда немесе оларды дайындау, тасымалдау және сату барысында,  тағамды дұрыс кулинарлық өңдеуден өткізбегенде, белгіленген температуралық тәртіп бойынша сақтамаған жағдайда сальмонеллезбен  сырқаттанады. Айта кететін жайт -  сальмонелла  тағамның органолептикалық қасиеттерін, яғни түсі, дәмі, иісін өзгертпейді. 
Ауру жедел басталады, науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, адам қалтырап тоңа бастайды, бас ауруы, құсу, ішек бұзылысы болады, сырқаттану әртүрлі формада  өтеді - ауру белгілері  байқалмай,  кейіннен  өлім жағдайына алып келетін ауыр түрінде де көрініс табады.
Аурудың туындауында сырқаттану белгілері байқалмайтын науқастар аса қауіпті болып саналады. Ондай адамдар  өздерінің науқастанғанын  білмейді және күнделікті өмірде айналасындағы адамдарға ауру  жұқтыруы мүмкін.      Сальмонеллезбен сырқаттанған  жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз. Ерте басталған ем өзіңіздің және өзгелердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтады.  
Сальмонеллезбен күресудің негізгі жолдары мыналар:
· Мал өнімін белгіленбеген сауда нүктелерінен сатып алмаңыз;  
· Тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
· Шикі және піскен ет, балық және көкөністерді өңдеу барысында бөлек асханалық тақтада және бөлек пышақ пайдаланыңыз; 
· Дүкеннен жұмыртқа сатып алғаннан кейін үйде оларды жуыңыз (сабын - содалы ерітіндісімен) және ұзақ уақыт термиялық өңдеуден өткізіңіз;
· Қауызы бұзылған жұмыртқаны сатып алмау («бой»), сыртында қан тамшылары немесе көң іздері бар жұмыртқаны пайдаланбаңыз;
· Тағамдардың пайдалану мерзімін және температуралық режимді сақтаңыз.
Дайын тағамдарды мүмкіндігінше бірден пайдаланған дұрыс. Қалған тағамдарды тоңазытқышта сақтау  және қолданар алдында   қайнату  қажет. 
Осындай жеңіл ережелерді орындау сальмонеллез ауруына шалдықпаудың кепілі бола алады.
 
 
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспектор 
Ш.Ғ. Қошқарбаев

Аусыл ауруының алдын-алу шаралары

Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде («Қорқыт Ата»кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.

Аусыл барлық жерлерде кездеседі. Малдардың ауыруы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Аусыл ауруымен ІМҚМ, шошқа, қой, ешкілер ауырады. Ауру малдар арасында ауыр күйде, жоғары өлім жағдайларымен өтеді.Аурудың көзі жиі ірі мүйізді қара мал және шошқа болып табылады. Вирус сыртқы ортаға сүтпен,  сілекеймен, тезекпен, зәрмен шығады. Адамға байланысу жолдарымен, терінің кішкентай жаралары, көздің, мұрынның және ауыздың шырышты қабаты арқылы ауру малдың сұйық бөлінулерімен жанасқан кезде, сондай-ақ алиментарлық жолдармен яғни шикі сүтті және басқа да термиялық жолмен өңделмеген ет-сүт өнімдерін қолданған кезде жұғады. Науқас адам айналадағы тұлғаларға қауіпсіз. 
Науқастанған кезде дене қызуы 38-39 градусқа көтеріліп, 6-9 күнге дейін созылады, сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер пайда болып, ақырында жараға айналады, олар ерінде, ауыздың, жұтқыншақтың шырышты қабатында, сондай-ақ қол мен аяқтың саусақтары арасындағы теріде орналасады. Ауру 5-10 күнге созылады.

Алдын алу іс-шаралары – малдарды ұстайтын жерлерді
дезинфекциялау, карантин, малдарды жаппай егу.
Сүтті міндетті түрде қайнату, майды тек қайнатылған кілегейден дайындау аса
маңызды.
Жалпы гигиеналық әдеттерді сақтау маңызды эпидемиологияға қарсы іс-шаралар
болып табылады.

Осы
ауруға қарсы адамдарды егу жұмыстары жүргізілмейді
.

Жетісу ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 

Э.Туктибаева