Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Әділет департаментінің ақпараттары


Заңнаманың әкімшілік реттеуді даулау кезінде тиімділігі

Жеке тұлғаның мемлекетке қатысты құқықтық қорғау формаларының бірі жеке қолданыстағы қабылданған құқықтық актілерді сотқа дейінгі, яғни әкімшілік тәртіпте шағымдану болып табылады. Сотқа дейінгі шағымдану белгілі бір уақытты талап ететіні сөзсіз. Арызды қараудың жалпы мерзімі он бес күнтізбелік күнді құрайды. Жеке бір жағдайларда қарау мерзімі отыз күнтізбелік күнді құрайды, ол мерзім тағы отыз күнтізбелік күнге созылуы мүмкін (ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы және ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңы). Егер әкімшілік арыз нәтижелі болса, онда жеке тұлға сот процесінен құтылады. Сонымен қатар, сот шешімін орындау мемлекеттік органмен айтарлықтай созылуы мүмкін, себебі мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның шешімін заңсыз деп танығанмен соттың, пайда болған көпшілік-құқықтық қатынаста мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган қабылдауға міндетті шешімнің мазмұнын сот актісінде көрсетуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 28 тармағы). Сәйкесінше, мүдделі тұлға мемлекеттік органның жаңа актіні қабылдау жолымен осы сот актісінің орындалуын күтеді. Ал әкімшілік шағымдану тәртібінде жоғары тұрған мемлекеттік органда немесе лауазымды тұлғада аталған өкілеттіктер бар. Әкімшілік шағымдану рәсімі сот қарауынан жеделірек. Осылайша, әкімшілік шағымдану арқылы сот ісін болдырмау істі айтарлықтай жылдамдатудың құқықтық мүмкіндіктерін ашады.

Қорытындылай келе «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы мен Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясын қабылдағаннан кейін азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуының конституциялық құқығы, мемлекеттік органдарға жүгіну құқығы, және де сот қорғауына құқығы айтарлықтай толық іске асырылатынын атап өткен жөн.

Алматы қаласы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Казақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмысық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерсістер мен толықтырулар енізу туралы 2010 -2020 жж.

2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында елдің құқықтық жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттары айқындалды. Өткен жылдары Қазақстанның тұрақты әлеуметтік – экономиялық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік жыне қоғамдық институттардың үдемелі дамуына ықпал ететін бірақатар мыңызды заңнамалық актілер қабылданды.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі саласарын (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық –атқару заңнамасы) айтарлықтай жаңарту болды.

Жаңа кодталған актілер әзірленіп, қабылданды; 2003 жылы – орман, жер, кеден, су кодекстері; 2007 жылы – еңбек, экологиялық, кодекстер; 2008 жылы – бюджет, салық кодекстері.

21 ғасырдың алғашқы онжалдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезені болып белгіленді. 2007 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулы енгізу туралы» Заң қабылданды. Бұл ретте, негізінен уақыт сынағынан өткен мемлекеттік құрылғының қазақстандық моделінің параметрлері сақталған.

Жаңа модель аясында конституциялық реформа барысында Парламент палаталарының рөлімен ықпалын арттырған билік қатынастары жүзеге асырылды, олар бұдан былай мемлекеттегі істің жай – күйі үшін үлкен жауапкершілік жүкетейді.

Сондықтан қазақстанлық құқықтық жүйе әлемнің дамыған елдерінің заңнамасымен құқықтарды қорғаудың қолайлылығы мен сенімділгі мәселелерінде тең бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Жалпыға бірдей жахандану және әлемдік бәсекелестіктің өсуі жағдайында көптеген елдер құқықтық жүйелерді жаңғырту және оларды адамдардың қажеттіліктері мен қажеттіліктеріне және мүдделер мүдделеріне барынша жақындату қажеттілігімен бетпебет келді. Бәсекеге қабілетті құқықтық жүйе өзінің юрисдикциясына көбірек бизнес пен инвестицияларды тартатыны, батыл және озық идеяларды іске асыруға ықпал ететіні белгілі.

Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі

Жаһандану дәуірінде экономикалық даму мен мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі интеграциялық процестер күшейтілуде. Бұл құқықтық қауымдастықтан өзара іс-әрекеттің, әріптестік пен үйлестірудің жаңа әдістерін табуды қажет етеді.

Осы орайда, қазақстандық құқықтық тәжірибені әлемдік озық стандарттарға жеткізетін қолданыстағы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілер қабылданды.

Үкіметіміздің алға қойған мақсаттарының бірі - еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, ал Әділет министрлігінің қызметі аталған мақсатқа жету үшін бағытталған.

ҚР Әділет министрлігі ДЭФ БЖИ үйлестірушісі ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексін жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруда. ҚР Әділет министрлігі 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Солардың ішінде, «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша келесін атап өтсек болады:

ҚР Жоғарғы сотымен жаңа азаматтық-процессуалдық кодексінің жобасы дайындалған. Аталған кодекске енгізілген нормалар «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы көрсеткіштерін көтеруге өз септігін тигізеді.

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған. Әсіресе, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Татуластыру рәсімін қолдану арқылы заңда дауды бейбіт реттеуге ықпал ету көзделіп отыр. Бітімгершілікке келу арқылы даулардың түйінін тарқатуға бағытталған медиациялық келісімдер мен шарттар жасасу қарастырылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қысқа мерзім ішінде, аз материалдық және моральдық шығындармен шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ҚР Әділет министрілігімен дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі болып табылатын дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамытуға бағытталған «Төрелік туралы» Заңының жобасы дайындалған.

Бұл заң, егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, дау субьектілерінің мемлекет ішінде немесе оның шегінен тысқары жердегі тұрғылықты жеріне немесе орналасқан жеріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, төрелік шешетін дауларға қатысты қолданылады.

Төреліктің шешiмi төрелік талқылау орнында қабылданған болып есептеледi және оған төреші (төрешілер) қол қойған күнi күшiне енедi.

Қорыта келе, жалпы қабылданған заңнамалық бастамалар азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанына көз жеткізуімізге болады.

Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары

 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таниды, оның ең қымбат құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерінің басым бөлігін іске асыру әділет органдарының қызметімен тығыз байланысты.

"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын атқарушы билік органдары болып табылады.

 Бұл ретте Бірыңғай жүйені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, аумақтық органдар, мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтитын әділет органдары құрайды.

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың қазіргі заманғы орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы болып табылады.

 Сонымен қатар, әділет органдары адвокатураның, нотариаттың, сот сараптамасының, бағалау қызметінің, жеке сот орындаушыларының, ат Республикалық құқықтық ақпарат орталығының қызметін де қамтитынын атап өту қажет.д.

Жоғарыда аталған және басқа да басым міндеттерді орындау әділет органдары қызметінің жалпы принциптеріне негізделген бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау негізінде жатыр: заңдылық, қорғау құқығын қамтамасыз ету, заң алдында барлығының теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау: жариялылық, құқық қорғау органдарымен, өзге де ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл.

Жетісу ауданының әділет басқармасы хабарлайды

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі жоқтығына байланысты салық есебінде тұрмаған, бизнес сәйкестендіру нөмірлері иелену жолымен бұрынғы берілген куәлікті қайта рәсімдеуден өтпеген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді сот тәртібі арқылы мәжбүрлеп таратуды қарайтын,  қолданылыстағы заңнамаларға түзетулер әзірленуде.

Осыған байланысты, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктердерге бизнес сәйкестендіру нөмірлерін алу үшін, орналасқан мекен-жайы бойынша  әділет органына хабарласу қажет.