Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Салық төлеушілер назарына


Кәсіпкерлер мен салық төлеушілер назарына

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» мәлімет жеткізеді.

40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
1. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлем және (немесе) ақша аударымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемді қабылдауға келісім берген кезден бастап туындайды.

Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өзімен төлем карточкасына қызмет көрсету туралы келісім жасасқан банкке қатысты өзі қабылдаған төлем сомасында ақшалай талап құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай талабын орындау міндеті туындайды.

3. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қолма-қол ақша төленген кездегі олардың сатылу бағасынан аспайтын бағамен сатуды жүзеге асыруға міндетті.

4. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы өздерінің арасындағы шартта көзделген жағдайларда және тәртіппен хабардар етеді.

Осындай хабарламаны жіберудің тәсілі мен кезеңділігі, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы хабардар еткені үшін төлем карточкасы эмитентінің комиссия мөлшері мен оны алу тәртібі төлем карточкасының эмитенті мен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта белгіленеді.

5. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын жоғалтуы және (немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабарламаны тәулік бойы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

6. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалу немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылу фактісін анықтаған кезде бұл туралы төлем карточкасының эмитентін өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының хабарламасы негізінде оның төлем карточкасын бұғаттайды.

Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен жасалған шартқа сәйкес рұқсат етілмеген операция бойынша ақшаны өзі дербес өтеген жағдайларды қоспағанда, төлем карточкасын ұстаушы рұқсат етілмеген операцияны өтеу үшін төлем карточкасының эмитенті белгілеген нысан бойынша өтінішті төлем карточкасының эмитентіне ұсынады.

7. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасының жоғалуы және(немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы төлем карточкасын ұстаушының хабарламасын алғаннан кейін рұқсат етілмеген операциялар жасалған жағдайда, олар үшін жауаптылықта болады.

8. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтініші негізінде рұқсат етілмеген төлем фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады және осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшерінде ақша сомасын өтейді не өздерінің арасындағы шартта көзделген тәсілмен себебін көрсете отырып, рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Үшінші тұлғалардан ақпаратты алу не тексеру жүргізу арқылы қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтінішін қарайды және ол бойынша Қазақстан Республикасы ішіндегі операциялар бойынша күнтізбелік отыз күн немесе шетелде жасалған операциялар бойынша күнтізбелік алпыс күн ішінде шешім қабылдайды және бұл туралы төлем карточкасын ұстаушыны өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді.

Төлем карточкалары эмитентінің рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тартуы төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзуын не оның төлем карточкасын пайдалана отырып алаяқтық операцияларға қатысуын растайтын негіздер, белгілер немесе фактілер болған кезде жүзеге асырылады.

9. Төлем карточкасының эмитентін төлем карточкасының жоғалуы немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабардар етпеген жағдайда, төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалуына немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуына байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.

10. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға оның төлем карточкасын пайдалануына байланысты құжаттарды және ақпаратты шартта айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.

11. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға жіберілген және одан алынған хабарламаларды тіркейді, сондай-ақ тиісті ақпаратты жіберген және алған күннен бастап оларды кемінде үш жыл сақтайды.

12. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалануға байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде шартта белгіленген, бірақ осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем карточкасы шетелде пайдаланылған жағдайда, өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімде қарайды. Төлем карточкасын ұстаушыға өтініштерді қараудың нәтижелері туралы, оның ішінде жазбаша нысанда ақпарат (төлем карточкасын ұстаушының талабы бойынша) жіберіледі.

13. Төлем карточкасының эмитенті ұстаушыдан алған хабарлама негізінде немесе ұстаушы төлем карточкасын пайдалану тәртібін бұзған кезде шартқа сәйкес эмитенттің бастамасы бойынша оны төлем карточкасын ұстаушының оны пайдалануын тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

14. Төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалануын тоқтата тұру немесе тоқтату төлем карточкасын ұстаушының және эмитенттің көрсетілген пайдалануды тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезге дейін туындаған міндеттемелерін тоқтатпайды.

Салық төлеушілер назарына

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16467 болып тіркелді.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері:

1. Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

2. Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

3. Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

4. Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату

5. Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

6. Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

7. Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

8. Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

9. Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

10. Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

11. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

12. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

15. Сусындарды көтерме саудада сату

16. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

17. Тоқыма бұйымдарын сату

18. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

19. Киімдерді сату

20. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

21. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

22. Ломбард қызметі

23. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

25. Жарнама агенттіктерінің қызметі

26. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

27. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

Ескерту: Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

Орынд: Алимкул Н.Т., тел: 8(727) 393-84-25