Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



ХАБАРЛАНДЫРУ


                     Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары

 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таниды, оның ең қымбат құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерінің басым бөлігін іске асыру әділет органдарының қызметімен тығыз байланысты.

"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын атқарушы билік органдары болып табылады.

 Бұл ретте Бірыңғай жүйені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, аумақтық органдар, мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтитын әділет органдары құрайды.

 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың қазіргі заманғы орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы болып табылады.

 Сонымен қатар, әділет органдары адвокатураның, нотариаттың, сот сараптамасының, бағалау қызметінің, жеке сот орындаушыларының, ат Республикалық құқықтық ақпарат орталығының қызметін де қамтитынын атап өту қажет.д.

Жоғарыда аталған және басқа да басым міндеттерді орындау әділет органдары қызметінің жалпы принциптеріне негізделген бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау негізінде жатыр: заңдылық, қорғау құқығын қамтамасыз ету, заң алдында барлығының теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау: жариялылық, құқық қорғау органдарымен, өзге де ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл.

Жетісу ауданының әділет басқармасы хабарлайды

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі жоқтығына байланысты салық есебінде тұрмаған, бизнес сәйкестендіру нөмірлері иелену жолымен бұрынғы берілген куәлікті қайта рәсімдеуден өтпеген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді сот тәртібі арқылы мәжбүрлеп таратуды қарайтын,  қолданылыстағы заңнамаларға түзетулер әзірленуде.

Осыған байланысты, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктердерге бизнес сәйкестендіру нөмірлерін алу үшін, орналасқан мекен-жайы бойынша  әділет органына хабарласу қажет.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!!!

Алматы қаласы әкімінің аппараты Алматы қаласының соты және Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Тұрғын үй – кедергісіз»  атты жобасын әзірледі.

Жобаның мақсаты - барлық мүдделі қызметтермен бірлесіп іс-әрекет алгоритмінің тәртібін қалыптастырып, азаматтарға өз тұрғын үйлерін заңды түрде заңдастыруға көмек көрсету.   

2017 жылдың 09 карашасында Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасымен аталған жобаны орындау мақсатында "Тұрғын үй - кедергісіз" жобасын жүзеге асыру бойынша жиналыс ұйымдастырды. Жиналысқа қатысушылармен талқылау кезінде Жетісу ауданының тұрғындарына  заңды көмек көрсету іс-әрекет алгоритімі бекітілді.

Аудандық прокуратурамен жобаға сәкес заңдастыруға тек қана жаңадан салынған тұрғын үйлер жататынын атап өтті.

Алдын-ала түсіндіру жұмыстары Жетісу ауданы әкімінің аппаратында(Алматы қаласы, Серіков көш., 2А) жүргізіледі.

Жетісу ауданының архитекторы – Мұрат Мырзағалиұлы: Сейсенбі сағ. 10:00-12:00, Жұма сағ. 14:30-17:30 қабылдайды.

Мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы – Маратқызы Маржан: дүйсенбі – жұма сағ.09.00-18.00 қабылдайды.  

Ақпарат үшін телефон: 384-27-55

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының  VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешімімен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру ережелеріне, Алматы қаласы әкімінің 2017 жылдың 17 қазандағы «2017 жылғы 21 қазанда жалпықалалық сенбілік өткізу туралы»№ 78ө өкіміне сәйкес, сондай-ақ қала аумағын санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуді жандандыру мақсатында, барлығыңызды 21 қазан күні өтетін жалпықалалық сенбілікке шақырамыз.



2017 жылдың 18 қазанында Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 мекенжайы бойынша «AlmatyTowers» ғимаратында, «OpenAlmaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.

Өткізу уақыты: сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

 Жәрмеңкені өткізу мақсаты тұрғындарға кеңестік-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Жәрмеңкеге тұрғын үй қатынастары, азаматтық хал, жер мәселелері және басқа да саладағы мемлекеттік органға азаматтардан жиі келіп түсетін өтініштері бойынша өзекті мемлекеттік қызмет көрсететін Алматы қаласы жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың білікті мамандары қатысады.

Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсететін негізгі бағыттардың мамандары тарапынан кәсіби қолдау көрсетілетін болады, сонымен қатар электрондық цифрлық қол алуға мүмкіндіктері болады.

Қатысуларыңызды сұраймыз!


«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады

 «БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда өтетін Ашық есік күніне шақырады:

№1 бөлімше                 Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»

№6 бөлімше                 Алматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)

№7 бөлімше                 Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы)


Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады:    

-         белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар?

-         2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

-         ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?

-         шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?

-         қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;

-         зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;

-         зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар. 

 АНОНС

2017 жылдың 9 тамыз күні Алматы қаласында дінге қатысты сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдау форматында өтетін АКЦИЯ ұйымдастырылады.

Қабылдау уақыты:  Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Алматы қаласы 1, Сериков көшесі, үй 6а, Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО).

Келушілер назарына:

Дін туралы ұғымдарыңызды кеңейту мақсатында сараптамалық кеңес алғысы келетінбарлық қала тұрғындарына, қонақтарына, журналистерге, сарапшыларға келуге болады.  

 Егерде:

  •  Дін мәселелері бойынша қиын жағдайға тап болған жақын туыстарыңыз болса;
  • Сіз дін призмасы арқылы сананың айла-шарғы жасау туралы сапалы ақпарат іздесеңіз;  

  • Қазақстан елінің дін саласындағы заң бұзушылықтары туралы мәлімет айтқыңыз келсе;

  • Сізге дін туралы кәсіби деңгейіңізді жақсартуға әдістемелік қолдау немесе кеңес қажет болса хабарласыңыз.

 Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ШЖҚ «Сараптама және зерттеу орталығы» МКК.

Байланыс телефондары:8 (727) 378-48-06, 8 (727) 222-17-08