Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018
«Тамақтан уланудан сақтаныңыз!»

Тамақтан улану - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен ( токсиндері) зарарланған асты тұтынумен байланысты, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

Тамақтан улануды қалай анықтауға болады?

• 6-24 сағат ішінде кенеттен басталады

• Санитарлық кемшіліктер жіберілген тағамдық мекемеде әзірленген не

таратылған тағаммен аурудың айқын байланысының болуы

• “Күмәнді азықты ” қолданудан алып тастағанда, аурудың таралуын тоқтатылады

• Жанұямен бірігіп не жеке асты тұтынған топ адамдардың бір мезгілде жаппай ауыруы

• Ауру адамнан сау адамға тұрмыстық қатынастарда жұқпауы

• Көп жағдайда улануға балалар мен жасы ұлғайған кісілер сезімтал болып келеді, оларда ауыр ағыммен өтеді

• Микроорганизмдер көбеюінен тамақтың сыртқы түрі, дәмі өзгермейді

Тамақтан уланудың белгілері

• Құсу, лоқсу

• Іш аймағының ауруы

• Іштің өтуі (ботулизм кезінде іштің қатуы байқалуы мүмкін)

• Дене қызуының көтерілуі

• Әлсіздік

Тамақтан улануға себепші факторлар

• Микробтармен тұқымданған дайын өнімдер, ет, балық тағамдарын қайта термиялық өңдеусіз пайдалану;

• Жарамдылық мерзімі өткен дайын тағамдар мен тез бұзылатын өнімдерді қолдану;

• Ас дайындауда жеткіліксіз жылумен өңдеу және дұрыс салқындатпау;

• Дайын астың сақтау температурасын қадағаламау;

• Ас даярлайтын адамның/қызметкердің қолдарында іріңді жаралар мен жарақаттың болуы;

• Ыдыс , құрал-жабдықтардың тазартылуында санитариялық-дезинфекциялық тәртіптің сақталмауы;

• Азық-түлікті сақтау және тасымалдау ережесінің бұзылуы;

• Тағам дайындайтын адамның/қызметкердің бактерия тасымалдаушы болуы;

Тамақтану улану кезінде не істеу керек?

• Егер жоғарыда айтылған клиникалық белгілер болса, дәрігерге барыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз

Азық-түлік қауіпсіздендіру бойынша кеңестер

Азық-түлікті сатып алу кезінде

• Азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексеріңіз, мерзімі өткен өнімді сатып алмаңыз.

• Азық қаптамасының бүтіндігіне көз жеткізіп, майысқан, мыжылған, жыртылып-шытынаған қорабы бар өнімнен аулақ болыңыз.

• Салқындатқыш сөресіндегі қорабы томпайып, ісінген қаптамадан және консерв өнімдерінен сақ болыңыз.

• Төмен температурада тұрып сатылатын, бірақ жеткілікті салқындатылмаған өнімді сатып алмаңыз.

• Мұздатылуы жеткіліксіз өңделген өнімдерді сатып алмаңыз.

• Ыстық күйінде сатылатын тағамдар жеткілікті қыздырылмаған жағдайда алмаңыз.

Үйге жеткізу кезінде

• Сатып алғанда шикі ет өнімдерін басқа өнімдермен жанаспайтындай, басқа өнімдердің ылғалы тимейтіндей бөлек салыңыз.

• Салқын, мұздатылған азық-түлік алсаңыз, үйге дереу жеткізуге тырысыңыз.

• Үйге келген салқын азықты тоңазытқыштың тиісті сөресіне бөлек жайғастырыңыз.

Сақтау кезінде

Сатып алынған азық-түлікті балғын күйінде сақтап, ауру шақыратын микроорганизмдерден қорғау үшін дұрыс сақтаңыз: әрбір азықтың қорабының сыртындағы сақталу талаптарымен танысыңыз.

Ас дайындау кезінде

• Мұздатылған ет пен құс етінің толық ерігеніне көз жеткізіңіз.

• Мұздатылған азықты ешқашан стол үстіне ерітпеңіз, тоңазытқыштың төменгі бөлімінде не бөлме температурасында ерітіңіз.

• Ет фаршы, сосискалардан тамақ дайындағанда жеткілікті қуырыңыз. Толық піспеген, қуырылмаған тағамды тұтынбаңыз!

• Жеміс-көкөністерді қолданар алдында мұқият жуыңыз.

• Дайын асты бірден қолданып, бөлмеде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

Қолыңызды жуыңыз және сүртіңіз

Ас дайындар алдында және одан кейін, шикі ет немесе тауық етін ұстағаннан кейін, әжетханадан кейін, үй жануарларын ұстағаннан кейін, бақшада жұмыс істегеннен кейін, қоқыс төккеннен соң міндетті түрде қолыңызды жуыңыз!

    Осы кеңестерді ұстану – тамақтан улану жағдайларынан сақтануға көмектеседі.

 

21.08.2018