Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.03.2015
Жетісу ауданында «Халықаралық әйелдер күніне» арналған іс-шара өткізілді

2015 жылдың 04 наурызында Халықаралық әйелдер күні мейрамының қарсаңында ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріне елеулі үлес қосып жүрген ханымдардың құрметіне Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің «8 наурыз мейрамы – көктем мейрамы» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Әкім аппаратының ғимаратында жиналған нәзік жандар әкімнің атынан гүл алды. Мерекелік іс-шараны Жетісу ауданының әкімі Т.К.Разақов мырза құттықтау сөздерімен ашып, ақ жаулықты аналар, әжелер мен ханымдарға өзінің жылы лебізін жеткізді. Көктемнің алғашқы мерекесінде салтантты түрде ауданымыздың тұрғыны, көпбалалы ана – Садырбекова Мөлдірге әкім «Күміс алқа» белгісін тақты.

Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бахыт Шадаева, қазақстан эстрадасында өзіндік орны бар, халықтың сүйікті әнші жігіттері «Нұр-Мұқасан» тобы, хит әндердің орындаушысы Еркін Мәулен, «Дала дауысы», «Алматы – моя первая любовь» фестивальдерінің лауреаттары «Премиум» тобы тақырыпқа сай әндерін шырқап, ауданның талантты бүлдіршіндері өнер көрсетті.

Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер күніне арналған іс-шара келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

04.03.2015