Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2015
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Батыр» Президент полкының 0111 әскери бөлімшесінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының қолдауымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің «Батыр» Президент полкының 0111 әскери бөлімшесінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы талқыланды. Жолдаудың мәнін әскери қызметкерлерге тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов баяндап берді. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов дәріс барысында әскери қызметкерлер мен жас сарбаздарға жолдауда айтылғандай, тоқыраудың да оңтайлы тұстарын орайластыра отырып кедергісіз даму маңызды стратегиялық жобаға айналып, жаңа реформалардың барысында жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді. Әлбетте, Елбасы басымдық берген Отандық бизнесті және инновациялық жобаларды дамыту бұл Жолдауда көтерілген негізгі мәселе болып қала беретіні, сондай-ақ, жаһандық дағдарыс жағдайында ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтап қалу, мемлекеттік реформалардың келесі тағдырын іске асыру жайы да сөз болып, жас сарбаздарға ел іргесін берік қорғауда үлкен үміт артылып отырғандығын жеткізді.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің «Батыр» Президент полкынің 0111 әскери бөлімінің командирының міндетін атқарушы Қуанышбаев Б.Ж. және шараны ұйымдастырушы  осы бөлімнің  подполковнигі Тулебеков А.А. қатысты. Осылайша, «Нұр Отан» партиясының ақпараттық насихаттау жұмыстары жыл бойына өз жалғасын тауып, жаңа реформаларды жүзеге асыру аясында жұмыс атқарыла бермек. 


04.12.2015