Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2015
ҚР ҰҚК Шекара Академиясының 2644 әскери бөлімшесінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының қолдауымен ҚР ҰҚК Шекара Академиясының 2644 әскери бөлімшесінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы талқыланды. Жолдаудың мәнін жас курсанттарға тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов баяндап берді. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов дәріс барысында жас сарбаздарға жолдауда айтылғандай, тоқыраудың да оңтайлы тұстарын орайластыра отырып кедергісіз даму маңызды стратегиялық жобаға айналып, жаңа реформалардың барысында жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді. Әлбетте, Елбасы басымдық берген Отандық бизнесті және инновациялық жобаларды дамыту бұл Жолдауда көтерілген негізгі мәселе болып қала беретіні, сондай-ақ, жаһандық дағдарыс жағдайында ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтап қалу, мемлекеттік реформалардың келесі тағдырын іске асыру жайы да сөз болып, жас сарбаздарға ел іргесін берік қорғауда үлкен үміт артылып отырғандығын жеткізді.

Бұл іс-шараға ҚР ҰҚК Шекара Академиясы басшысының орынбасары Әлібек Исмаилов белсенді атсалысып, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Фазылұлына әскери патриоттық тәрбиелеуде қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясының ақпараттық насихаттау жұмыстары жыл бойына өз жалғасын тауып, жаңа реформаларды жүзеге асыру аясында жұмыс атқарыла бермек. 



04.12.2015