Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.09.2019
Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының кезектен тыс XXVII Конференциясы өтті.

Үстіміздегі жылдың 12 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының  кезектен тыс XXVII Конференциясы өтті. Аталған конференцияға ауданымыздың Саяси кеңес және Бюро мүшелері, БПҰ өкілдері, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және мемлекеттік және құқықтық органдарының басшылары қатысты. Конференцияның негізгі күн тәртібіне сәйкес делегаттар Жетісу аудан әкімі Мақсат Қиқымовтың кандидатурасын «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының төраға лауазымына сайлады.

Жаңа сайланған аудандық филиалының төрағасы М.Қиқымов делегаттар алдында аудандық партия филиалының атқарып отырған жұмыстарының жетістіктеріне тоқталып, ол әрине партия мүшелерінің белсенді ат салысуының арқасында деп өз алғысын білдірді. Алдағы, партия мүшелеріне жүктелген міндеттің жауапкершілігін ескере отырып, Партия төрағысы Н.Ә.Назарбаевтің «партияның жаңғыруына» байланысты және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруда, партиялық жобалар мен бағдарламаларының орындалуын күшейтуде Жетісу аудандық филиалының төрағасы ретінде  партия мүшелері мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына нақты бірқатар тапсырмалар берді.

 Сондай ақ қатысып отырған делегаттар арасында Қ.Р Президенті Қ.К.Тоқаевтің 02 қыркүйекте халқына жолдауын Конференцияның қонағы  Алматы қ. Мәслихат депутаты, философия ғылымдарының докторы, партияның  Алматы қ.  Саяси кеңес мүшесі Кенжехан Матыжанов  жолдаудың тармақтарына жеке- жеке тоқталып,  маңызды, мағыналы баяндама жасады. Ол, мемлекет және құқық органдарының қызметкерлерін халыққа ашық, жақын болуға шақырды. Сондай –ақ, БПҰ-ның атқарылған жұмыстары мен партиямыздың «қайта жүктеу» жобасының жүзеге асыру тәсілдері туралы аудандық Партияның бақылау Коммиссия төрайымы Тамара Шакирова сөз алды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдағы жемкорлықтың алдын алу жұмыстары туралы, ең алдымен жемқорлықты «ескеру» туралы аудандық Жемқорлықтын алдын алу Қоғамдық кеңесінің төрағасы Темірбек Рахманов баяндама жасады.

Конференция соңында тамыз айтында өткен аудан деңгейдегі  БПҰ-ның әр саласы бойынша «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» және белсенді партия мүшелері арасындағы «Ең үздік партия мүшесі» атты байқаудың қортындысы бойынша жеңімпаздарын марапаттады.

13.09.2019