
13.05.2015
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні «Үркер» төсбелгісі 2014-2015 жылдардағы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 60 оқушыға берілді. Солардың ішінде Жетісу ауданының оқушылары да марапатталды:
- Хамзахан Таңшопан - № 148 мектеп-гимназиясы;
- Абай Нұрсұлтан - № 148 мектеп-гимназиясы;
- Қадірова Құралай - № 148 мектеп-гимназиясы;
- Амзахунова Гульсанам - № 101 мектеп-гимназиясы;
- Баханов Камиль - № 101 мектеп-гимназиясы;
- Галиева Самира - № 101 мектеп-гимназиясы.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов оқушыларды құттықтады және талантты және дарынды балаларға қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Білім саласындағы жетістіктерімен осындай дарынды оқушылар республикалық деңгейде Алматы қаласының беделін арттыра түсуде.
«Үркер» төсбелгісімен марапатталған оқушылардың ата-аналарына Алғыс хаттарды тапсырған Ахметжан Есімов оларға дарынды бала тәрбиелегендеріне ризашылығын білдірді.
Қала әкімі № 148 мектеп-гимназиясының директоры Әлиақпарова Фатима Мәметқалиқызы және № 101 мектеп-гимназиясының директоры Ниязова Хуршидам Абдуллақызын жоғары кәсіби жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен марапаттады.