
15.09.2015
Алматы Автомеханика колледжінде «Алматы - ару қала» атты концерт өтті
15.09.2015
2015 жылдың 15 қыркүйек күні Алматы Автомеханика колледжінде Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында «Алматы - ару қала» атты концерт өтті.
Іс-шараға колледж директоры - Т. Рахманов, аудан әкімдігінің бөлім басшысы - М. Мубаракова, оқытушылар мен студент жастар қатысты.
Шараның қатысушыларына арнап патриоттық, Алматы қаласына арналған әндер орындалды. 1-курс студенттері қалаға арналған өлеңдер оқыды. Концерт барысында 60-шы, 70-ші, 80-шы жылдардағы Алматы қаласы туралы деректі видеороликтер және ескі көшелердің, ғимараттар мен ескерткіштердің архивтік суреттері көрсетілді.
Сондай-ақ, концерт қатысушылары мен қонақтарының назарына Алматы қаласының заманауи архитектуралық құрылымы ұсынылды.