Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.06.2015
Жетісу ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №28 Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес, 6 балалы аналар «Күміс алқа» медалімен, 7 балалы және оданда көп балалы аналар «Алтын алқа» белгісімен марапатталады.

Аталған Жарлықты орындау мақсатында Жетісу ауданы әкімінің аппараты 2015 жылдың 16 маусымында 2 «Алтын алқа» және 3 «Күміс алқа» салатанатты түрде табыстау іс-шараларын өткізді.

Наградталған аналарға 6 АЕК (9 708 теңге) көлемінде қаржылай төлем беріледі.

Қосымша, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Макатаев к-сі, 142,Сейфуллин даңғылының қиылысы, тел.: 2798305) тарапынан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» салыншақтарына төмендегі құжаттар тізімін қабылдауды жалғастыруда:

1. Ананың жеке куәлігі;

2. Ананың ордендік кітапшасы;

3. Ананың үй кітапшасы;

4. 16 жасқа толған балаларының жеке уәліктері;

5. Балаларының туу туралы куәліктері;

6. Әр баланың мекен-жайлық анықтамасы (жұмыс орны, мектебі, тұрғылықты мекен-жайы);

7. Қыздарының неке куәлітері (тұрмысқа шыққаннан кейін тегін ауыстырған жағдайда).

Барлық құжаттардың түп және көшірме нұсқаларын ұсыну қажет.

16.06.2015