Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2015
Жасөспірімдер арасында ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Александар Ильич Гурманды еске алуға арналған футболдан турнир өтті

15 қараша күні Ұлттық аграрлық университетінің спорт алаңында жасөспірімдер арасында футболдан турнир өтті. Турнир партиялық «Бақытты балалық» жобасын іске асыру мақатында Қазақстан Республикасының футбол федерациясы мен Жетісу аудандық «Нұр Отан» партиясы  ұйымдастырды. Тартысты ойын ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Александар Ильич Гурманды еске алуға арналды.

Турнирге 2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдерден құралған «Вельвет», «Локомотив-Юниор», «Еңбек», «Мирас», «СДЮШОР №2», «Арыстан», «Восток», Алатау» атты футбол командалары келіп қатысты.

Тартысты жарыс қонақтар мен жанкүйерлерге тың серпіліс берді. Сонымен қатар, турнирге Александар Ильичтің туыстары мен дос-жарандары келіп жас футболшылардың ойындарына куә болды.

Топтық ойында балалар жақсы өнер көрсетіп, ұпай сандарын түгендеді. Аталған топтық кезең мен жартылай финалда «Локомотив-Юниор» футбол командасы және «СДЮШОР №2» футбол командасы І және ІІ орынға таласты. Ал, ІІІ және ІҮ орын үшін"Алатау" және "Вельвет" футбол командалары бақ сынасты.2:0 есебімен "Вельвет" футбол командасы қола медальді қанағат тұтты. Күміс медальді "Локомотив-Юниор" командасы өз қанжығаларына байлады. Ал, 2:1 есебімен ұтқан «СДЮШОР №2» командасы осымен екінші жыл футбол турнирінің кубогын иеленіп отыр.

Еліміздің көк байрағын көкке көтерер ертеңгі ала доптың маманына бүгіннен көңіл бөлсек, қазақ футболының дамуына салынған үлкен салым болмақ.



16.11.2015