Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.10.2015
«Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты қабылдау жүргізілді

Жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына Call-орталығына, партияның ақпараттық  порталы арқылы және партия филиалдарына келіп түскен сұрақтарға Филиалдық Қоғамдық қабылдау бөлмесі тәртіптерге бағына отырып жауап береді.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі ҚР мәжіліс депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихатшыларды мемлекеттік органдардың жетекшілері және төрағаларының жеке тұлғаларды, заңды тұлғаларды және топ жетекшілерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырумен қамтамасыз етеді.

«Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты сұрақтары тыңдалып, қабылдау жүргізілді.

Аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Мұрынова Жанат Шарапханқызы жауап берді.

Сонымен қатар, қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының бірінші орынбасары Ерлан Альбисенов қатысты.

Қабылдауға аудан тұрғындары төмендегі сұрақтармен арызданды:

1. Матюшенко Нина Михайловна – 1982 жылы дүниеге келген ұлы Матюшенко Михаил Калининовичті психологиялық ауруына байланысты Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы клиникасында емдетуді сұрайды.

- Азаматшаның өтініші Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Алтынбеков Қуаныш Сағатұлына бағытталып, көмек көрсету тапсырылды.

2. Құдабаева Гүлбаршын – 1 жастағы немере қызын емдету мәселесін шешіп беруді сұрайды

- Немересінің тұрғылықты тіркелген мекен-жайы бойынша Алматы қаласы, Әуезов ауданына баруға кеңес берілді.

3. Дәрібаева Гүлбағира–ағасы Дәрібаев Алмаздың өліміне байланысты Алматы қаласы, Ащысай ауылының құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қажетті шараларды қолданбай отырғанына наразы.

- Алматы облысы Балқаш аудандық прокурорының орынбасарымен аталған мәселе бойынша сұхбат жүргізілді.

4. Мұрзаева Халида Даниярқызы –  тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке тұру мәселесіменкелді.

- ҚР «Тұрғын үй қатынастары» Заңы бойынша түсіндіру жүргізіліп, тұрғылықты мекен-жайы бойынша ХҚО-ға жіберілді.


27.10.2015