Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.11.2015
Жетісу ауданының әкімдігінде ''Нұр Отан'' партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары мәжіліс жиынын өткізді

Алматы қаласы ''Нұр Отан'' партиясы Жетісу аудандық филиалы Жетісу ауданының әкімдігінде ''НұрОтан'' партиясы Алматы қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары З.Аманжолова Бастауыш партия ұйымдарымен мәжіліс жиынын өткізді. Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының күн тәртібіндегі мәселелері мен экономикалық, әлеуметтік мәселелері қаралып, ұсыныстар тыңдалды.

Аталған мәжіліс жиынында Зәуреш Аманжолова Жетісу ауданының жастарымен, жасөспірімдерімен тығыз жұмыс жасау мәселесін алға тартты. «Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға жан-жақты көмек берілу жағдайы да дұрыс жолға қойылып, партия тарапынан белсенді жұмыс атқарылуы тиіс», - деді Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова. Сондай-ақ, Жетісу аудандық Бастауыш партия ұйымдарының жұмысының негізгі мәселелеріне тоқталып, ұсыныстарын тыңдады.

Жиында Алматы қаласы бойынша ең үздік Бастауыш партия ұйымдарының «ТТТ-Сервис», «Куаныш» төрағалары сөз сөйлеп, ағымдағы жыл бойынша есеп беріп, негізгі жетістіктерімен бөлісті.

Мәжіліске Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов, ''Нұр Отан'' партиясы Жетісу аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Альбисенов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров және Жетісу аудандық Мәжіліске барлығы 68-ге жуық Бастауыш  партия ұйымдарының төрағалары мен мәслихат депутаттары қатысты.


05.11.2015