Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2015
Қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз!!!

Жетісу ауданының әкімі барлық мұсылмандарды Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтайды! Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақыт және ашық аспан тілейміз!

«Осы айда адамдар қасиетті құран кітапта парыз етілген оразаны ұстайтын болады. Оның қағидасына сәйкес адам АллаҺқа жақындайды және ораза тұтыуға ниет қылғандар ізгілік, бақыт, бірлік, төзімділік, өзге адамдарға көмек көрсету, кешірім жасау және барлық күнәлардан тазару жөнінде ойлауы керек. Біздің мемлекетіміздің барлық мұсылмандарына ұлы оразаның талаптарын орындауын тілейміз. Сондай-ақ, мұсылманның бес парызының бірі болып саналатын оразаны ұстап, ауыз бекіткен жандарға Алланың нұры жаусын!

«Әл-Мәдина» мешітіндегі ауыз ашар

Қасиетті Рамазан айының бірінші күнінде «Әл-Мәдина» мешітінде ораза ұстаған Жетісу ауданының тұрғындары үшін аудан әкімі аппаратының қолдауымен дәстүрлі кешкі ас - «ауыз ашар» ұйымдастырылды. Ауданның бас имамы Көптілеуов Бақытжан тиісті дұғаларын оқыды.

Мол жайылған дастархан басында жиналған жұртшылықты аудан әкімі Т.К.Разақов күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болып есептелетін Рамазан - айымен құттықтады. Іс-шара барысында аудан әкімі Рамазан айында барлық мұсылмандар мұқтаждарға барынша қамқорлық жасауға, жақсы істер істеуге талпынады деп атап өтті. Және де қатысушыларға мықты денсаулық, бейбітшілік пен береке тіледі.

Кешкі асқа ақсақалдар, соғыс және еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, аудан тұрғындары шақырылды.

Ауыз ашар салтынан кейін мешіттің бас имамы қасиетті Рамазан айындағы қайырымдылықтың, құрбан шалудың мәні жөнінде уағыз оқыды.

19.06.2015