Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.12.2015
Жетісу ауданы әкімі аппаратында гендерлік саясат және отбасы істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Біздің өмірімізде аналар, отбасының ұйытқысы әйелдер ерекше орын алады. Сондықтан, мемлекетімізде отбасы және әйелдер құқығын қорғауға аса назар аударылады. 2015 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мұрынованың басшылығымен Жетісу ауданының кіші мәжіліс залында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрайымы, кәсіпорын басшылары, мектеп директорлары, ауданның бас дәрігері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор кіреді. Отырыста Ж.Ш.Мұрынова 2015 жылы атқарылған жұмыс есебін оқыды. Баяндамадан кейін Жаннат Шарапханқызы ең өзекті мәселелерге тоқталып өтті: аз қамтылған отбасылармен жұмыс, әлеуметтік қолдауды қажет ететін әйелдерді жұмыспен қамту, қайта даярлау және оқыту туралы, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы, көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көрсетілетін қайырымдылық пен көмек туралы. Сондай-ақ отырыс барысында алда келе жатқан 2016 жылға қойылатын міндеттер мен жұмыс талқыланды.


24.12.2015