Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2015
Жетісу ауданында 2015 жылдың түлектері үшін соңғы қоңырау сыңғырлады

2015 жылдың 25 мамырында Қазақстанның барлық мектептерінде, соның ішінде Алматы қаласы Жетісу ауданының 19 мектебінде де, соңғы қоңырау салтанатты түрде сыңғырлады. Аудан бойынша биылғы мектеп бітірушілер саны 484 жасөспірімдерді құрады. Солардың ішіндегі 313 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ынта білдіріп отыр.

Соңғы қоңырау - мектепте орын алатын барлық мерекелердің ішіндегі ең әсерлі, ұмытылмастай есте сақталатын, мейрам. «Соңғы» деген сөздің өзі ешкімді бей-жай қалдырмай, тебірентіп, мектеп бітірушілердің бәрінің де көңілдерін алабұртып жатады. Бұл - қимастықпен қоштасу, жүрек түкпіріндегі мұң, бірі-біріне ақжол тілектер. Соңғы қоңырау - қызықты дәурен мектептегі өмірмен қоштасудың символы. Сондықтан да бұл мейрам мектеп бітірушілердің естерінде ұзақ мерзім сақталады.

Алда әлі ұзақ өмір жолы жатыр. Бұл жол үстінде кешегі бүлдіршіндердің адами қасиеттерді асқақ тұту, лайықты білім алуға одан әрі талпыныс, өзге адамдармен жарқын қарым-қатынас орната білу, таңдаған мамандығының мән-маңызын жете бағалау сияқты сан-салалы таңдау жасауға тура келеді. Ең бастысы - бұлардың бәріне қойылар баға мектептегіден әлдеқайда қатаң. Ал нақ бүгін: жас түлектердің бәрі кешегі қиындықтардың артта қалғанына шексіз бақытты, алда өздерін күткен армандарына үміттері үкілі! Сонымен бірге өздерінің он жылдан бергі жасөспірім және жастары үлкен достарымен қимай қоштасу да жүрекке үлкен мұң ұялатады.

«Соңғы қоңырау» мерекесінде бірінші сыныптағыларға айрықша көңіл бөлінеді - өйткені оларды нақ бүгінгі мектеп бітірушілер өткен 1 қыркүйекте, өздерінің болашақ ізбасарлары ретінде, бұларды қолдарын жетектеп мектепке кірсе, дәл қазір солардан эстафета қабылдап алар кез туды.

Кешегі бүлдіршіндер, дәл бүгін мектеп түлектерінің алдында қаздай тізіліп, оларға ақжол тілектерімен жатқа өлең оқып, Отанымыздың лайықты азаматтары болып шығуға толқи тұрып серт берді. Өз өмірлеріндегі соңғы мектеп қоңырауын он бірінші сынып түлегінің бірінші сынып бүлдіршінін иығына отырғызып, сылдыр қақтыруы да тектен-тек емес. Бұл қоңырау қуатты та ұзақ сыңғырлайды. Бұл білім ордасы түлектерінің мектеп эстафетасын бірінші сыныптықтарға өткізіп беріп жатқанын аңғартар толғанысты сәт.


25.05.2015