Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2015
Жетісу ауданы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Айтулы мереке - 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту үшін жетісулықтар Айнабұлақ ықшамауданындағы саябаққа жиналды.

Мерекені тамашалауға келген жұртшылыққа сахналық қойылымдар көрсетіліп, құлақ құрышын қандыра шырқалған әсем де әуезді әндер көрермендерді бір серпілтіп тастады. Сонымен бірге алаңда түрлі спорттық жарыстар өтті, ұлттық-мәдени орталықтар мен көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарының күшімен мерекелік концерттік бағдарлама қойылды.

Жиналған көпшілікті Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Мұрұнова Жаннат Шарапханқызы құттықтап, тұрғындарға ашық аспан, бейбітшілік, табыстар тіледі.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама, мерекелік сауда, этно - мәдени орталықтардың көрмесі және балаларға арналған атракциондар қойылды.


30.04.2015