Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.08.2015
Алматы қаласының Жетісу ауданы ҚР Конституциясының 20-жылдық мерей тойын атап өтті

2015 жылдың 30 тамыз күні Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Гүлдер» саябағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шара ҚР Мемлекеттік Гимнің салтанатты түрде орындалуымен басталды. Жетісу ауданының әкімі Т.К. Разақов аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

ҚР Конституция Күні 1 қыркүйек қарсаңында атап өтілетіндігін ескере отыра, осы күні «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында оқушыларға қолдау көрсету мақсатымен аудан әкімі аппараты балаларды мектеп формаларымен, сөмкелермен, әртүрлі мектепке қажетті құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырды.

Аталмыш акцияға төмендегі кәсіпорындардың басшылары қатысты: «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы, «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Технология КазЭнергоВоздух» ЖШС, «Abdi» компаниясы, «Юпитер», «Салем», «Самал» базарлары. «Мектепке жол» акциясына Алматы қаласы мәслихатының депутаттары да белсенді қатысты. Атап айтар болсақ депутат Шин Бронислав Сергеевич келесі мектептерге көмек көрсетті:

  • № 80 ОМ - аз қамтылған отбасының 15 баласына мектеп формаларын, сөмкелер, кеңсе тауарларын және мектепке қажетті өзге де құралдарды сыйға тартты;
  • № 101 МГ - аз қамтылған отбасының 14 баласына мектеп формаларын, сөмкелер, кеңсе тауарларын және мектепке қажетті өзге де құралдарды сыйға тартты;
  • 177 ОМ - кеңсе тауарларын сыйға тартты.

Аудан бойынша 400-ге жуық оқушыға көмек көрсетілді. Олардың ішінде: Жетісу аудандық көп балалы аналар одағына -35, өрттен зардап шеккен отбасылардың 9 оқушысына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 13 балаға және мүмкіндігі шектеулі 6 балаға мектеп формалары, кеңсе тауарлары, сөмкелер табыс етілді.

Сондай-ақ, мерекелік концерт, қазақ, орыс, әзербайжан, корей, ұйғыр ұлттық мәдени орталықтарының көрмесі, мерекелік сатылым ұйымдастырылды және ауданның ең кішкентай тұрғындары үшін әртүрлі аттракциондар орнатылды.

Қала қонақтары мен аудан тұрғындары үшін ҚР еңбек сіңірген әртісі А. Нұрмағанбетова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ. Бекіш, «Парасат» квартеті және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.







30.08.2015