Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.08.2019
Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды құттықтады

Бүгін Алматы қаласының Жетісу ауданындағы "Бақытты Отбасы" орталығында Нұр Отан партиясы, Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов, сонымен қатар қалалық мәслихаттың белгілі депутаттары К. Құдайберген мен А. Чиликбаев қасиетті Құрбан айт мерекесімен ауданның аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын құттықтады. Арнайы іс-шара достық қарым-қатынаста өтті, 50 аз қамтылған отбасыларға дастархан жайылды. 10 аса аз қамтылған отбасыларға арнайы көмек көрсетіліп, азық-түлік(ет, ұн) таратылды. Сонымен бірге сол күні, мерекелік шарада, "Мектепке жол" атты республикалық қайырымдылық акциясының аясында, 40 оқушыға сыйлық ретінде жаңа оқу жылында табыс тілеп, мектепке арналған қажетті оқу құралдары бар сөмкелер таратылды. 

 Алматы қаласындағы 2019 жылдың 2 мамырынан бастау алған Бакытты Отбасы әлеуметтік орталығы - бұл пилоттық жоба, оның басты бағыты көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету болып табылады. Алматы қаласының әкімі Б.А. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, қаланың 8 ауданында Аналарды қолдау орталықтары ашылатын болады Жетісу ауданында "Бакытты Отбасы" Орталығы 2019 жылдың 5 тамызында өз есігін ашты. 1 апталық жұмыс уақыты кезеңінде орталыққа 100 ден астам аналар келді.  "ISKER ANA" жобасының аясында "Бет әрлеу", "Шаштараз" мамандықтары бойынша оқыту курстары және "Тігін технологиясы" бойынша тігін тігуге қажетті құралдармен жабдықталған шеберханалар ашылды. 

 «ISKER ANA» жобасының негізгі мақсаты, қиын өмірлік жағдайлардағы отбасыларға қолдау көрсетіп және олардың жеке кәсіпкерлікпен айналысып кетуіне, жеке қызығушылықтарымен табыс көзін табуға барынша көмек көрсету болып табылады. Орталықта арнайы курстармен оқыту басталды, бизнес кейстарды құру және оларды әрі қарай дамытуы бойынша көптеген кезеңдерді үйренуде.


13.08.2019