Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі аудан ардагерлеріне Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырды

2017 жылдың 29 тамызында «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» қарсаңында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаев 100-ден аса ардагерлер мен еңбек майдангерлері үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырды.

Ардагерлерге арналған экскурсия метрополитенге түсуден басталды. Іс-шараға қатысушылардың басым бөлігі алматылық жерасты жолын алғаш рет көрді. Автобустық саяхаттың келесі аялдамасы – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, онда ардагерлер серуендеп, өмірлік естелік кездерін еске түсірді. Әрі қарай, қариялар Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплиндер кешеніне жеткізілді, онда тек қана трамплиннен секіру жарыстары ғана емес қалалық ірі көлемде ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық шаралар да өткізіледі. Саяхат соңында ардагерлерімізді Алматының тарихы мұражайы күтіп тұрды. Мұражайға барған адамдар ежелгі Алмату қонысы, патшалық Верный және кеңестік Алма-Атаның атмосферасына бөленді. Қала тарихының мұражайы – қаламыздың дамуының барлық кезеңдері көрсетілген бірегей орын.

Шақырылған ардагерлер мен зейнеткерлер ұйымдастырылған іс-шараға өз алғыстарын айтып, алған әсерлерімен өзара бөлісті.


29.08.2017